AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық шаруалар 6,1 млн га алқаптың бидайын...

Қазақстандық шаруалар 6,1 млн га алқаптың бидайын жинап үлгерді

Әлеумет 01.09.2022, 04:44 1,040
Қазақстандық шаруалар 6,1 млн га алқаптың бидайын жинап үлгерді
Сурет: Kapital.kz

Жиналған астық жоспардың 38%-дан астамын құрайды.


Егін жинау науқаны басталғаннан бері қазақстандық шаруалар 6,1 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап үлгерді, бұл жоспардың 38%-дан астамын құрайды, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.


Мамандардың айтуынша, 12,3 ц/га орташа өнімділік кезінде 7,5 млн тонна астық бастырылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 2,5 млн тоннаға артық (2021 жылы осындай күнге 5,1 млн тонна бастырылған болатын).



«Биылғы жылы өнімділіктің өсуіне қолайлы ауа райы, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстары кезінде агротехникалық шаралар кешенін уақтылы жүргізілуі және өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінде қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету ықпал етті», - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



Ішкі тұтыну мен қазақстандық нарықты қамтамасыз етуге және бидайдың бір бөлігін экспортқа жөнелту үшін астықтың жеткілікті көлемі алынады деп болжанып отыр.


Қаржыландыруға келетін болсақ, 2022 жылы бюджеттік кредит 140 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 2 есе жоғары. Астықты форвардтық сатып алу шеңберінде қаржыландыру 100 млрд теңгеге дейін көбейтілді немесе бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,5 есе артты.


Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелеу тетігі пысықталғанын атап өту қажет. Жеңілдікті лизингке шамамен 40 млрд теңге бөлінді. 


Бұған қоса, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін АШТӨ-ге 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.


Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау жұмыстарын табысты жүргізу мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Ол үшін ведомствода барлық туындаған проблемалық мәселелерді уақтылы шешуге арналған жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астық #бидай #науқан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);