ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық құтқарушылар шомылу маусымында 328 ад...

Қазақстандық құтқарушылар шомылу маусымында 328 адамды құтқарды

Әлеумет 16.09.2021, 09:50 808
Қазақстандық құтқарушылар шомылу маусымында 328 адамды құтқарды
Сурет: Rbc.ru
Алдын алу жұмыстарына 17 943 волонтер тартылды.

Алдын алу жұмыстарына 17 943 волонтер тартылды.


16 қыркүйекте қазақстандық құтқарушылар шомылу маусымында жасаған жұмысының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ барлық деңгейдегі орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, суда төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін алдын ала бастады және үздіксіз өткізілді», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



ТЖМ күштері ІІМ-мен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлермен бірлесіп 76 649 рейд және патрульдеу жүргізді, ӘҚБК-нің 440-бабы «қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу» бойынша 4 788 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ ӘҚБК-нің 364-бабы бойынша («ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу») 5 781 адамға ескерту жасалды және 172 адамға айыппұл салынды.


Мамандардың айтуынша, биыл су айдындарында адам өлімінің алдын алудың жаңа әдістері қолданылды. Авиациялық және теміржол көлігінің мультимедиялық жабдықтары су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат өнімдерін тарату үшін пайдаланылды. 


«2GIS» картографиялық платформасында еліміздің барлық өңірлерінде су айдындарында шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындардың деректері орналастырылған. 


Адамдардың қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында қушылармен 1 129 интерактивті сабақ және халықпен 5 507 жиын өткізілді. 



«ТЖМ және мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шараларға қарамастан, шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан 319 адам, оның ішінде 95 кәмелетке толмағандар суға кетті.Су айдындарында балалардың қаза болу жағдайларының 82%-ында балалар ата-аналарының қарауынсыз болды», – делінген министрлік хабарламасында. 



Суға шомылу маусымының аяқталуына қарамастан, құтқарушылар су айдындарында адамдардың өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты жалғастыруда. Өйткені күзгі кезеңнің басталуымен аң аулау және балық аулау маусымы басталады. 


ТЖМ судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.  


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.