ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық оқушылар жұмысшы мамандықтарын игеруд...

Қазақстандық оқушылар жұмысшы мамандықтарын игеруде

Әлеумет 27.03.2025, 15:34 582
Қазақстандық оқушылар жұмысшы мамандықтарын игеруде
t.me/oqu_agartu
Ерте кәсіптік даярлық бойынша пилоттық жоба 2 мың оқушыны қамтыды

Ерте кәсіптік даярлық бойынша пилоттық жоба 2 мың оқушыны қамтыды

✍🏻 2023-2024 оқу жылынан бастап Қазақстанда жоғары сынып оқушыларына жұмысшы мамандығы біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

📍 Еліміздің 17 өңірінде іске қосылған жоба кадрлар даярлауға көзделген жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Бастама мектептің  білім беру жүйесінің практикалық бағытын күшейтуге және жастардың жұмысқа ерте орналасуына мүмкіндік жасауға бағытталған.

«Кәсіптік даярлық колледждер базасында, ал жалпы білім беру пәндерін меңгеру мектептерде өтеді. 11-сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар аттестат қана емес, орта техникалық білім туралы диплом да алады», - дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

🏫 Пилоттық жобаға 150-ге жуық колледж мен мектеп қатысуда. Жоғары сынып оқушылары еңбек нарығы үшін қажетті бағыттар бойынша білім алады, оның ішінде тамақтануды ұйымдастыру, автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу, тігін өндірісі және киімді модельдеу, киім дизайны, графикалық және мультимедиялық дизайн, дәнекерлеу ісі, жиһаз өндірісі, шаштараз қызметі қамтылған. 

🧑🏼‍🏭 Бүгінгі таңда жобаға 2 мыңға жуық оқушы қатысуда. Биыл 905 түлек кәсіби біліктілікпен қатар еңбек нарығына бірден шығу мүмкіндігін алып, колледж дипломын алады.

📌 Жоба техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялауға, экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағдарланған бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыруға арналған мемлекеттік стратегиялық бағыт шеңберінде іске асырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.