AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында жақсы...

Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті

Әлеумет 11.05.2022, 08:09 1,412
Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті
Сурет: Gov.kz

Олар алты медаль жеңіп алды.


Математикадан Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 2 күміс және 4 қола жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Шараға қатысқан оқушылар елдің ұлттық құрамасы былтырдың нәтижелерін жақсартты. Яғни 2021 жылға қарағанда ел қоржынына бір медаль артық түсті»,- делінген Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Зияткерлік жарыстар 4-9 мамыр аралығында Ларнака қаласында (Кипр) офлайн форматта өтті.


Биыл олимпиадаға 16 елден 100-ге жуық оқушы қатысты. Олардың қатарында Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Македония, Греция, Молдова Республикасы, Черногория Республикасы, Румыния, Сербия және т.б. бар.



«Жыл сайын сайысқа 6 адамнан құралған Қазақстан құрамасы қатысады. Биыл ел намысын Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Атырау және Ақтау қалаларының оқушылары қорғады. Сайыста балалар математикадан олимпиада тапсырмаларын өте қысқа мерзімде шешуі керек болды. Бұған дейін Балалар жылы аясында дарынды оқушыларды қолдау мақсатында республика көлемінде түрлі деңгейдегі олимпиадаларды өткізген болатынбыз. Олимпиаданы өткізу процесі автоматтандырылды. Бұл олимпиадаларды аудандық деңгейден республикалық дейгейге дейін барынша ашық және транспарентті өткізуге мүмкіндік берді. Балқан олимпиадасы дайындықтың тиімді әдісі және оның оқушыларымызға негізгі халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындалуға көмектесетінін атап өткім келеді», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #олимпиада #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);