AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстандық мұнай танкерлерінің мәселесі қашан ше...

Қазақстандық мұнай танкерлерінің мәселесі қашан шешіледі?

Экономика 08.12.2022, 07:20 1,180
Қазақстандық мұнай танкерлерінің мәселесі қашан шешіледі?
ural.tsargrad.tv

«ҚазМұнайГаздың» компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мұнай тиеген танкерлердің Түркия жағалауында кешігуі Қазақстан экономикасына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.





«Бүкіл сақтандыру процедуралары өткізілген болатын. Аталған 6 танкердегі мұнайдың Қазақстанннан шыққаны туралы сертификаттарды Түркия тарапына берілді. Қазір диалог жалғасып жатыр. Мен кеше кешке біздің Сыртқы істер министрімен де, Анкарадағы Елшімен де сөйлестім. Біздің дипломаттар бізге тиісті, қажетті көмек көрсетіп жатыр. Мәселе 1-2 күнде шешіледі деген үмітіміз бар. Сақтандыру туралы айтсақ, оның басым бөлігі британиялық, еуропалық компаниялар. Сақтандыру процедуралы тиянақты тындырылған», - деді «ҚазМұнайГаз» басшысы.



Оның айтуынша, мәселе жуықта шешімін тапса, бұшл жағдай Қазақстан мұнайының бағасына кері әсер етпеуі керек.



«Бұл біздің экономикамызға ешқандай шығын әкелмейтінін айттым. Өйткені жыл сайын желтоқсан айында Босфордан танкерлердің өту уақыты 14 күнге дейін барады. Экономикаға шығын біз мұнай өндіру көлемін қысқартып жатсақ келер еді. Яғни, бұған дейін қанша қарқынмен мұнай шайқасақ, қазір де сол көлемде шайқап жатырмыз. Тек танкерлерге тиеліп, Босфор арқылы ақырындап жылжып жатыр», - деді Мағзұм Мырзағалиев.



Сондай-ақ ол Қазақстан мұхитқа Босфор арқылы ғана емес, Қара теңіз арқылы да шыға алатынын еске салды.



«Румыния және Болгария бағыттары бар. Қазір жағдай шетін деуге келмейді. Бірақ қазір біз оны шешумен қызу айналысып жатырмыз. Бұл мәселе жуық арада шешіледі деп ойлаймыз. Сондықтан біздің бағалауымызға мұнай бағасында көрініс таппауы керек. Қазіргі тәуекел шектен тыс бір межеден асып кеткен жоқ», - деді «ҚазМұнайГаз» басшысы.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мұнай #танкерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);