ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Қазақстандық мектептерде алғаш рет стоматологиялық...

Қазақстандық мектептерде алғаш рет стоматологиялық кабинеттер ашылды

Медицина 12.09.2025, 10:50 498
Қазақстандық мектептерде алғаш рет стоматологиялық кабинеттер ашылды
Сурет: Gov.kz
Қазіргі уақытта тіс ауруларының алдын алу кабинеттері 150 мектепте ашылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Қазіргі уақытта тіс ауруларының алдын алу кабинеттері 150 мектепте ашылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Жыл соңына дейін тағы 90 кабинет ашу жоспарланып отыр. Ал 2028 жылға дейін мектептерде 1000 стоматологиялық кабинетін іске қосу көзделген.

Бұл бастама оқушы саны мыңнан асатын ірі білім беру ұйымдарын қамтиды. Ең алдымен, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңадан салынған мектептерде ашылуда. Ашылған кабинеттерде оқушыларға алдын алу бағытында стоматологиялық көмек көрсетіледі, ауыз қуысы ауруларын ерте диагностикалау жүргізіледі және санитарлық-ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылады.

Оқу-ағарту министрінің айтуынша, оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып табылады және бұл барлық тараптардың, оның ішінде медицина мамандарының да қатысуын талап етеді.

«Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Мектеп – әрбір бала физикалық және рухани тұрғыда дамитын қауіпсіз орта болуы тиіс. Сауықтыру-педагогикалық тәсіл арқылы салауатты өмір салтьн қалыптастыру сапалы білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады», – деді Ғани Бейсембаев.🍽

Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты күшіне енді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл стандартта алғаш рет тұз бен қанттың мөлшеріне шектеу белгіленді.

«Мектеп медицинасын білім беру үдерісінің толыққанды бөлігіне айналдырудамыз. Бүгін біз салауатты тамақтану стандартына негізделіп жаңадан әзірленген мектеп ас мәзірінің қалай енгізіліп жатқанын көрдік. Енді балалардың рационында жаңадан дайындалған және пайдалы тағамдар көбейді. Биыл бірнеше мектепте балаларға тегін профилактикалық көмек көрсетілетін стоматологиялық кабинеттер ашылды», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
 

Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктерінің бастамасы өткен оқу жылынан бастау алған. Сол кезде мектептегі тамақ сапасына бақылау күшейтілді. Жаңа талаптарға сәйкес, күн сайын мәзірдің дайындалу сапасын тексеруге мектеп мейірбикелері де тартылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1–4 сыныптың 1,8 миллионнан астам оқушысы, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы 5–11 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған.

Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін нығайту, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады. Сонымен қатар, мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді. Енді мектептің ас мәзірін ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау міндеті денсаулық сақтау ұйымдарына берілді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.