ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Қазақстандық мамандар суармалы жүйені автоматтанды...

Қазақстандық мамандар суармалы жүйені автоматтандырудың бес жылдық жоспарын орындауға кірісті

Экономика 04.06.2021, 09:11 2,601
Қазақстандық мамандар суармалы жүйені автоматтандырудың бес жылдық жоспарын орындауға кірісті
Сурет: Neo-agriservis.ru
Осы жұмыстар шеңберінде геология, гидрология, геодезия және автоматтандыру бөлігінде зерттеулер жүргізілетін болады.

Осы жұмыстар шеңберінде геология, гидрология, геодезия және автоматтандыру бөлігінде зерттеулер жүргізілетін болады.


Қазақстандағы су шаруашылығының мамандары алдағы бес жылда 19 негізгі магистральды және шаруашылықаралық каналдарда суармалы жүйені автоматтандыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Экология, геология және табиғы ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


«Қазсушар» РМК-ның IT бойынша басқарушы директоры Тастан Наримбаевтың сөзінше, жоба негізінде 119 негізгі магистральды және шаруашылықаралық каналдарда суармалы жүйені автоматтандыру болып табылады. Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облысы бойынша жалпы ұзақтығы 2 830 шақырымды қамтымақ. Осы жұмыстар шеңберінде геология, гидрология, геодезия және автоматтандыру бөлігінде зерттеулер жүргізілетін болады. Соның нәтижесінде каналдарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін, су есебін автоматтандыру жүйесін енгізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді.



«2025 жылға дейінгі автоматтандырудың бес жылдық жоспары  пысықталды және республиканың оңтүстік облыстарында орналасқан "Қазсушар" РМК арналарын автоматтандыруды көздейді. Оларға жалпы ел бойынша су берудің 97%-ы тиесілі. "Қазсушар" РМК филиалдарының теңгеріміндегі суару желілері - "Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалы, Алматы, Түркістан және Жамбыл филиалдары. Ағымдағы жылы біз 9 канал бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісеміз. 2025 жылдың соңына қарай 5 жылдық жоспардың барлық 119 каналын автоматтандыруға келуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, бұл жоспардың әсері "Қазсушар" үшін де, біздің су тұтынушыларымыз үшін де өте маңызды», – деп атап өтті «Қазсушар» РМК-ның IT бойынша басқарушы директоры Тастан Наримбаев. 



Алдағы бес жылда су жинауы 6 км3 болатын магистральдық каналдардың жартысынан астамы, сондай-ақ, шаруашылықаралық каналдардың жартысына жуығы цифрландырылады. Бұл арқылы 26 004 фермер мен 103 ауыл шаруашылығы кооперативі үшін 412,6 мың га жерді суару мүмкіндік бар. Брифингте мемлекеттік сату порталы арқылы 23 каналды автоматтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 8 конкурс жариялайтыны айтылды. Демек, осы жылы 9 канал бойынша 4 конкурс өткізіледі. Ал, келер жылы 14 канал бойынша 4 конкурс өткізілетін болады.


Айта кетейік, онлайн-брифингке ТПБАЖ (технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері) және БӨА (бақылау-өлшеу аспаптары) енгізу саласында қажетті құзыреті бар компаниялардың 45 өкілі қатысты. Басқарушы директор автоматтандыруға мамандандырылған ең құзыретті және кәсіби компаниялар тартылатынын айтты. Сондай-ақ, брифингке қатысқан компаниялар аталған жобаға қызығушылық танытуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.