ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Қазақстандық фильм Бразилияда үздік атанды

Қазақстандық фильм Бразилияда үздік атанды

Әлем 10.06.2022, 07:04 1,317
Қазақстандық фильм Бразилияда үздік атанды
Сурет: Facebook.com
Бұл фильм Қазақстанда 14 сәуірден бастап прокатқа шықты.

Бұл фильм Қазақстанда 14 сәуірден бастап прокатқа шықты.


Бразилияда өткен Olhar de Cinema халықаралық кинофестивалінде режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі «Басқа көзқарастар» бөлімінде «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Фестивальдің «Басқа көзқарастар» бөлімінде 10 елден небәрі 8 фильм ұсынылған еді. Бұл бөлімде әлемдік кинематографияның жаңалықтары мен басқа фестивальдерде танымал болған фильмдер көрсетілді.



«Ақын» фильмінің Қазақстаннан сонау алыстағы Бразилияда, планетамыздың арғы бетінде көрсетіліп, қабылданып жатқанына өте қуаныштымын. Бұл жеңіс фильм түсіргенде өзіңе шыншыл болсаң, соған бар күшіңді жұмсасаң, туындыны бәрі түсінетінін тағы бір дәлелдейді. Бүкіл кино тобын осы бағалы жүлдені иеленуімен құттықтаймын. Жаңа жеңістерді күтеміз, – деді Дәрежан Өмірбаев.



Сонымен қатар «Ақын» фильмі Париждегі Жорж Помпиду атындағы заманауи өнер музейінде көрсетіледі. Онда Берлин кинофестивалінің үздік фильмдері көрсетілетініні туралы фильмнің продюсері Юлия Ким хабарлады.


La Berlinale à Paris бағдарламасын Берлиналенің көркемдік жетекшісі Карло Чатриан және Помпиду мұражайының дирекциясы құрастырған. Шоулар 10-26 маусым аралығында өтеді.


ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген қазақ фильмі 18 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де көрсетіледі.


Айта кетейік, «Ақын» фильмі Berlinale Forum халықаралық кинофестивалінде жүлде алған еді. Бұл фильм Қазақстанда 14 сәуірден бастап прокатқа шықты. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Ақын» фильмі технологиялар дамыған қазіргі заманда өнердің қоғамда алатын орны туралы ой қозғап, поэзияға сұраныс азайған дәуірде ақынның күйініші туралы сыр шертеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.