AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық фермерлерге астық кептіру үшін арзанд...

Қазақстандық фермерлерге астық кептіру үшін арзандатылған сұйытылған газ беріледі

Әлеумет 22.08.2024, 14:02 1,310 dulatbekova
Қазақстандық фермерлерге астық кептіру үшін арзандатылған сұйытылған газ беріледі
Сурет: Gov.kz

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен күзгі дала жұмыстары мәселелері жөніндегі жедел штабтың бірінші отырысы өтті.

Штаб үздіксіз егін жинау науқанына кедергі келтіретін тактикалық мәселелерді дереу шешу мақсатында құрылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктердің, қаржы институттарының, мемлекеттік органдардың, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысын үйлестіру Үкіметтің бақылауымен жүзеге асырылатын болады. Жақын арада Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ өкілдері жергілікті жерлерде егін жинау жұмыстарын жедел басқару үшін өңірлерге барады. 23 тамызда вице-премьер Серік Жұманғарин еліміздің негізгі астық егетін өңірлерінің бірі - Ақмола облысына барады.

ҚР АШМ 20 тамыздағы жедел деректеріне сәйкес, елімізде 2,2 млн тонна астық бастырылып, 1,1 млн тоннасы жиналды. Ондағы дақылдардың 76%-ы жақсы, 22%-ы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Егін жинау қарқыны былтырғы жылмен сәйкес деуге болады, бірақ толассыз жауған жаңбыр жаппай жұмыс істеуге және дәнді дақылдардың толық пісуіне кедергі келтіруде. Осыған байланысты Жедел штаб отырысында өңірлерді астық кептіру агрегаттарымен және оларға арналған отынмен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, бүгінгі таңда негізгі астық егетін өңірлерде тәулігіне жалпы қуаты 820,6 мың тонна болатын 1301 астық кептіру агрегаты бар. Осы кептіру агрегаттарының жұмысы үшін 61 мың тонна арзандатылған дизель отынына өтінімдер келіп түсті. Бірақ кейбір облыстарда кептіргіштер сұйытылған газбен жұмыс істейді, сондықтан бұл қондырғыларға арзандатылған газ қажет.

Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары С. Жұманғарин ҚР АШМ мен ЭМ-ге кептіру агрегаттары үшін қажетті сұйытылған газ көлемін есептеп, фермерлерді арзандатылған отынға кезекте тұрғандар тізіміне қосуды тапсырды. Сондай-ақ әкімдіктерге фермерлердің мобильді кептіру агрегаттарына деген қажеттілігін есептеу, ал қаржы институттарына аталған құрылғыларды сатып алуды субсидиялау мүмкіндігін пысықтау тапсырылды.

Жаңа астықты ішкі нарыққа және экспортқа үздіксіз жеткізуді ұйымдастыру, жылжымалы құрамды жедел үйлестіру және басқару үшін Ауыл шаруашылығы, Көлік министрліктері, Азық-түлік корпорациясы, ҚТЖ және әкімдіктер апта сайын, ал жаппай егін жинау кезеңінде – күн сайын селекторлық кеңестер өткізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астық #кептіру #Сұйытылған газ #арзандатылған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);