ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстандық дизайнер ұлттық киімдерімізді әлемдік...

Қазақстандық дизайнер ұлттық киімдерімізді әлемдік сахналарда таныстырып жүр

Мәдениет 14.10.2021, 03:36 1,931
Қазақстандық дизайнер ұлттық киімдерімізді әлемдік сахналарда таныстырып жүр
Сурет: Tengrinews.kz
Еуропа мен АҚШ-та ұлттық үлгідегі киімдерге тапсырыс берушілер көп

Еуропа мен АҚШ-та ұлттық үлгідегі киімдерге тапсырыс берушілер көп


Ақтөбелік дизайнер Малика Дүйсенбаева «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында мәдениет және спорт аталымы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ұлттық стильдегі киім дизайнері әрі он саусағынан өнер төгілген тігінші осы жалпыұлттық жобада бақ сынамас бұрын қазақтың оюлы-сәнді ұлттық киімдерін әлемдік сахналарда таныстырып, бірнеше рет республикалық, халықаралық сән байқауларының жүлдегері атанған. Маликаның қолынан шыққан бойжеткендерге арналған ұлттық нақыштағы заманауи дизайнмен қабысқан әдемі көйлектер әлемге жақсы тарап жатыр, 


Бүгінде Еуропа елдерінде, АҚШ-та тұратын қазақтар Маликаға жиі тап­­сырыс береді. 



«Біздің қыздар бірін-бірі қайта­ла­майтын, сәнді және сапалы, біре­гей бұйым жасауға тырысады. Бой­жеткендер көйлегінің матасы мен жібі­нен бастап, пішуі мен тігуіне ерекше мән береміз. Бірегей бұйымды жасау уақыт пен ерекше талғамды қажет етеді. Сол үшін де ұлттық киімнің ажарын ерекше ашатын ою-өрнектеріне өте мұқият қараймыз дегеннен гөрі, философиялық тұрғыдан қараймыз десем, артық айтқандық емес. Біз ұлттық ою-өрнектеріміздің ежелдегі қолданыс аясын, табиғатын зерттеп барып қана іске кірісеміз», - дейді шебер.



Қазақтың ою-өрнектерін киім­дерге қолдану үлкен талғамды қа­жет етеді. Сол үшін де Малика Қы­тайға бірнеше рет барып, қазақтар ты­ғыз қоныстанған өлкелердегі іс­мер­лерден шеберлік сабақтарын үйреніп келеді. Өйткені, өкінішке қарай, біз әлдеқашан ұмытқан ұлттық мұраларымызды, дәстүрімізді үзбей жалғастырып келе жатқан кісілер ол жақта көп.


Малика қазір өңірлерді аралап, киім дизайны жөнінде семинарлар өткізіп жүр. Себебі нарыққа ұлттық киімдер үлгісін ұсыну – бір жағынан өнер болса, екінші жағынан – бизнес. Киімді тіге білумен қатар, оны өткізе білу де үлкен шеберлік пен тынымсыз еңбекті қажет етеді.


Бүгінде Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қы­зыл­­орда қалаларында Маликаның ұлт­тық киім орталықтары ашылған. Оған қоса, пандемия кезінде тігін­ші­лік­тің онлайн мектебін ашты. Үнемі ты­ным­сыз ізденісте жүретін ол бір кә­сіп­тің қыр-сырын терең меңгеру тө­зім­ділік пен уақытты қажет ететінін айтады.


Малика Дүйсенбаеваның ойынша, қазақтың бірнеше мың жылдан бері жалғасып келе жатқан ұлттық киімдері парақтары тұтас ашылмаған оқулық тәрізді. Ол болашақ ұрпақ ата-бабаларының, ата-әжелерінің ұлттық киімдерін бізге қарағанда тереңірек бағалайды деген сенімде.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.