AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық діни радикализмге қарсы петиция жария...

Қазақстандық діни радикализмге қарсы петиция жариялады

Әлеумет 06.08.2025, 14:28 769 Сұлу
Қазақстандық діни радикализмге қарсы петиция жариялады
Pixabay.com

Қазақстандық азамат Ішкі істер министрлігіне интернет пен қоғамда діни радикализм мәселесіне назар аударуды сұрап, петиция жолдады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, бұл жерде діннің өзіне емес, мемлекетіміздің зайырлы құрылымына, әйелдердің құқығына, жастар мен қоғам қауіпсіздігіне қауіп төндіретін радикал көзқарас жайлы сөз болып отыр.

Петиция авторы қазақстандықтарды осы мәселеге қатысты нақты мысалдар жіберуге шақырады: сілтемелер, скриншоттар, жазбалар, яғни проблеманың бар екенін дәлелдейтін кез келген материал қажет. Қазір ол epetition.kz платформасында петицияны жариялау үшін 50 қол жинауға тиіс.

"Кейбіреулер мені исламға қарсы деп ойлайды. Бұл олай емес. Мен радикализмге, біреуге өз көзқарасын күштеп таңуға, қалай өмір сүру керегін, не ішу, не көру керегін айтуға қарсымын. Біз зайырлы елде өмір сүріп жатырмыз, әр адамның таңдау еркіндігі мен ар-ождан бостандығына құқығы бар", – дейді ол.

Петиция авторына пікір жазғандар оған қолдау білдіріп жатыр.

Бұл петиция қоғамда үлкен талқылау тудырған оқиғалар аясында пайда болды. Бұған дейін бір бойжеткен мешітте ер адамның оған уақытша неке ұсынғанын айтып, оның жыныстық қатынасқа түсу ниеті болғанын жариялаған еді. Бұл жағдайды көпшілік талқылап, кейін қыздың өзін айыптағандар табылып, оның жалғыз жүруін күнә санап, әсіре діншілдер тарапынан сынға ұшыраған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#радикализм #петиция #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);