AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық әскери топографтар «Горизонт-2021» оқ...

Қазақстандық әскери топографтар «Горизонт-2021» оқу жаттығуларына қатысты

Спорт 14.07.2021, 13:22 1,859
Қазақстандық әскери топографтар «Горизонт-2021» оқу жаттығуларына қатысты
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Оған 200-ден астам әскери қызметші қатысты.


Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында топографиялық мамандық бойынша білім алып жатқан қазақстандық офицерлер мен курсанттар алғаш рет «Горизонт-2021» топогеодезиялық және навигациялық қамтамасыз ету бойынша тактикалық-арнайы оқу жаттығуларына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оқу жаттығулары Новгород облысы Борович қаласындағы экспедициялық топогеодезиялық жасақтың оқу-жаттығу орталығы базасында өтті. Оған 200-ден астам әскери қызметші қатысты.


Қазақстандық әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери-топографиялық басқармасы арасындағы уағдаластықтар шеңберінде оқу-жаттығуларына қатысты.



Қазақстандық әскери қызметшілер далалық жағдайларда топогеодезиялық техника мен аспаптарда жұмыс істеп, операцияларды топогеодезиялық қамтамасыз етуді жоспарлауға қатысты.Әскери топографтар қысқа мерзімде жергілікті жердің арнайы карталарын, фотожоспарлары мен макеттерін жасады. 



Қазіргі заманғы бағдарламалық-аппараттық кешендердің көмегімен әртүрлі міндеттерді шешу үшін әскерлерге қажет картографиялық материалдарды басып шығаруға дайындық жүргізілді.


Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша, сондай-ақ Ресей жоғары әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамымен және тыңдаушыларымен тәжірибе алмасу барысында қазақстандық әскери қызметшілер әскерлерді геоақпараттық қамтамасыз ету міндеттерін жоспарлауды және орындауды ұйымдастыруда іс жүзінде дағдыларға ие болды.


Қазақстандық мамандардың жұмысы жоғары бағаланды. Алдағы уақытта да еліміздің әскери топографтары осындай оқу-жаттығуларға тұрақты негізде қатысатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақастан #Ресей #оқу #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);