ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Хабарлама / Қазақстандық 14 жоғары оқу орны Quacquarelli Symon...

Қазақстандық 14 жоғары оқу орны Quacquarelli Symonds World University Rankings халықаралық академиялық рейтингіне енді

Хабарлама 10.06.2021, 08:34 3,047
Қазақстандық 14 жоғары оқу орны Quacquarelli Symonds World University Rankings халықаралық академиялық рейтингіне енді
Суроет:Gov.kz
QS WUR  халықаралық академиялық рейтингіне енген қазақстандық жоғары оқу орындарының саны рекордтық деңгейді көрсетті

QS WUR  халықаралық академиялық рейтингіне енген қазақстандық жоғары оқу орындарының саны рекордтық деңгейді көрсетті


 QS WUR әлемдегі ең беделді рейтингтердің бірі болып табылады. Сондай-ақ биыл кейбір университеттер рейтингте бірнеше орынға көтеріліп, өз позицияларын нығайта түсті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кезекті рет 175-орынға тұрақтап, әлемнің 200 үздік университетінің қатарына енді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 90 позицияға көтеріліп 328-орынды, ал Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 482-орынды иеленіп, үздік 500 оқу орнының қатарынан көрінді. Сонымен қатар рейтингке Satbayev University, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті кірді.



«Рейтинг тарихына көз жүгіртсек, биыл оның құрамына қазақстандық жоғары оқу орындарының рекордтық саны кірді. Рейтингке енгізілген 14 жоғары оқу орнының жетеуі соңғы жылы өз позицияларын жақсарта түсті. Бұл қазақстандық жоғары білімнің халықаралық деңгейдегі танымалдылығының арта түскендігін көрсетеді», – деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.



Жоғары оқу орындарының позицияларын есептеу кезінде рейтингте академиялық топтар мен жұмыс беруші ұйым өкілдерінен жиналған сауалнамалардың нәтижелері, сондай-ақ 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңдегі 14,7 миллион жарияланым ескерілгенін атап өткен жөн. Әлемдік рейтингтерде ілгерілеу – қазақстандық білім беру сапасының одан әрі жақсара түсуінің және университеттердің жоғары мәртебесінің айқын дәлелі болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.