ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстандағы волонтерлік: 3 мыңнан астам ұйым, 24...

Қазақстандағы волонтерлік: 3 мыңнан астам ұйым, 24 мыңнан астам қатысушы бар

Өмір-өзен 04.06.2021, 09:36 3,095
Қазақстандағы волонтерлік: 3 мыңнан астам ұйым, 24 мыңнан астам қатысушы бар
Сурет:Хабар24
Қазақстандағы волонтерлік: 3 мыңнан астам ұйым, 24 мыңнан астам қатысушы бар.

Қазақстандағы волонтерлік: 3 мыңнан астам ұйым, 24 мыңнан астам қатысушы бар.


 2020 жыл Қазақстандағы еріктілер жылы болды. Бірыңғай волонтерлер платформасының деректеріне сәйкес, елде 3,3 мыңнан астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді, олардың құрамында 48 мыңнан астам қатысушы бар. 2021 жылғы 28 мамырдағы жағдай бойынша, еріктілер 1 мыңнан астам жобаны іске қосып үлгерді, оның ішінде 542 әлеуметтік, 100 экологиялық, 87 мәдени, 64 медициналық, 63 спорттық, 45 оқиғалық жобалар, деп  хабарлады Almaty-akshamy.kz.


Өңірлік бөліністе жобалардың басым бөлігі (315) Астанада іске асырылды. Волонтерлік белсенділік бойынша көшбасшылар үштігіне Алматы (116 жоба) және Шығыс Қазақстан облысы (81 жоба) кірді. Еліміздегі барлық волонтерлік жобалардың жартысы үздік үш өңірдің үлесінде.



"Қазақстандағы волонтерлік" еріктілер жылының қорытындылары туралы АҚДМ баяндамасының деректері бойынша, елдегі волонтерлердің орташа жасы 20,4 жасты құрады. Волонтерлік қызметке 11 жастан 75 жасқа дейінгі адамдар қатысты.


ҚР-да студенттік волонтерлікті ынталандыру үшін әлеуметтік студенттік Ваучер - студенттерді әлеуметтік студенттік кредиттер бере отырып, әлеуметтік институттар мен мекемелерде қоғамдық пайдалы жұмысты орындауға ынталандыратын механизм құрылды. Сонымен, платформада qazvolunteer.kz 14,4 мыңнан астам студент тіркелді. Тіркелген студенттер саны бойынша көшбасшы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті болды: 1,2 мың студент. ТОП-3 ЖОО-ға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Астана медицина университеті кірді.


Волонтерліктегі ең танымал бағыттар - қайырымдылық іс-шаралары, қаражат пен заттар жинау (248 жоба), халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету (204 жоба), оқиғалық және event-волонтерлік (87 жоба) болды.



2019 жылғы қайырымдылық бойынша, елдер рейтингінде Қазақстан 126 елдің арасында 78-ші орынды иеленді. Рейтинг деректері бойынша, ел индексі 100%-дан 26%-ды құрады. Индекс ақшалай қайырымдылықтар, қайырымдылық көмек көрсетуге тартылған адамдардың саны (%-бен), адамдардың қайырымдылық және волонтерлік қызметке қатынасы сияқты көрсеткіштерді ескере отырып есептелді.


ТМД елдерінің ішінде Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан рейтингте Қазақстаннан жоғары болды.


Рейтингте АҚШ, Мьянма және Жаңа Зеландия көш бастап тұрса, Қытай тізімдегі ең соңғы орында.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.