ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Қазақстандағы тегін екпелер: Алматыда вакциналар қ...

Қазақстандағы тегін екпелер: Алматыда вакциналар қашан және қалай салынатыны түсіндірілді

Медицина 28.04.2025, 19:33 789
Қазақстандағы тегін екпелер: Алматыда вакциналар қашан және қалай салынатыны түсіндірілді
Алматы қаласы әкімдігі
Қазақстанда балалар мен ересектерді вакциналау Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесі аясында тегін жүргізіледі.

Қазақстанда балалар мен ересектерді вакциналау Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесі аясында тегін жүргізіледі.

Алматы №36 қалалық емханасының иммунолог дәрігері Әсел Ералықызының айтуынша, екпе мемлекеттік емханада және азаматтар тіркелген жеке медициналық ұйымда қолжетімді.

Сәбиге алғашқы екпе перзентханада-ақ салынады: туғаннан кейінгі алғашқы 12 сағат ішінде В гепатитіне қарсы вакцина, ал 3-5-күндері туберкулезден қорғау үшін БЦЖ вакцинасы егіледі.

Екі айында бала В гепатитіне қарсы вакцинаның екінші дозасын, АбКДС-қа (көкжөтел, дифтерия және сіреспеге қарсы) қарсы алғашқы вакцинасын, инактивтелген полиомиелит вакцинасының (ИПВ) бірінші дозасын, В типті гемофильді инфекцияға қарсы және пневмококк инфекциясына қарсы алғашқы вакциналарды алады.

Үш айында балаға АбКДС-тің екінші вакцинасы, полиомиелитке қарсы екінші доза және гемофильді инфекцияға қарсы екінші вакциналау жүргізіледі. Төрт айлығында АбКДС-тің үшінші вакцинасы, полиомиелит пен гемофильді инфекцияға қарсы үшінші екпе және пневмококк инфекциясына қарсы екінші вакцина салынады. Алты айында бала В гепатитіне қарсы вакцинаның үшінші дозасын қабылдайды.

Бір жасында балаға қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке (КҚП) қарсы алғашқы вакциналау, полиомиелитке қарсы (ауыз арқылы) төртінші вакциналау, сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы үшінші вакциналау жүргізіледі.

Бір жарым жасында (18 ай) балаға АбКДС алғашқы ревакциналау және полиомиелитке қарсы алғашқы ревакциналау жасалады.

Екі жасында эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша балаға В гепатитіне қарсы вакциналау жүргізіледі, ал 6 айдан кейін екінші доза егіледі.

Алты жасында балаларға қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы ревакциналау, сондай-ақ АбКДС вакцинасымен ревакциналау жасалады.

2024 жылдан бастап Қазақстанда 11-13 жас аралығындағы қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакциналау енгізілді. Вакциналау екі дозада алты айлық аралықпен жүргізіледі.

16 жасында жасөспірімдерге АДС-М (дифтерия мен сіреспеге қарсы аз мөлшерлі) вакцинасымен ревакциналау жасалады.

Ересек жаста әр 10 жыл сайын соңғы ревакциналаудан кейін дифтерия мен сіреспеге қарсы иммунитетті сақтау үшін АДС-М вакцинасымен қайта егуден өту қажет.

Қазақстандағы тегін екпелер туберкулез, В гепатиті, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, гемофильді инфекция, пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, А гепатиті және адам папилломасы вирусы сияқты ең қауіпті инфекциялық аурулардан қорғауға бағытталған. Олар - халық денсаулығын қорғау және инфекциялық аурудың алдын алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның маңызды бөлігі.

Қазақстанда 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында, көптеген басқа елдегідей, Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Бұл жыл сайынғы бастама халықтың вакциналаудың өмір мен денсаулықты қорғаудағы маңызы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Апта аясында ақпараттық науқандар, дәрігерлермен кездесу, дәрістер мен алдын алу шаралары ұйымдастырылып, балалар мен ересектерді уақтылы вакциналаудың қажеттігі еске салынады.

Тегін екпені алу үшін тіркелген емханаға жүгіну қажет. Вакциналау жас ерекшелігіне сәйкес қатаң график бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.