конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Қазақстандағы сайлау учаскелері жоғары деңгейде да...

Қазақстандағы сайлау учаскелері жоғары деңгейде дайындалған – Элла Памфилова

Құрылтай Бүгін 15:07 43
Қазақстандағы сайлау учаскелері жоғары деңгейде дайындалған – Элла Памфилова
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстандағы сайлауды бақылау үшін 22 елдің өкілдері келген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін, 23 тамызда, Қазақстанда жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтуде. Дауыс беру барысын қазақстандық және шетелдік бақылаушылар бақылауда. Сайлау процесімен танысу мақсатында Астанадағы №282 сайлау учаскесіне Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Элла Памфилова барды.

Элла Памфилова дауыс беру барысымен танысып, комиссия мүшелерінің жұмысын және сайлаушылар үшін жасалған жағдайларды бағалады. Ол Ресей Орталық сайлау комиссиясының өкілдері бұған дейін де Қазақстандағы сайлауларға тұрақты түрде бақылаушы ретінде қатысып келгенін атап өтті. Алайда Орталық сайлау комиссиясының төрайымы ретінде Қазақстанға сайлауды бақылау үшін алғаш рет келгенін айтты.

«Қазақстандағы әр сайлауға Ресейден міндетті түрде менің әріптестерім келеді. Ал мен Орталық сайлау комиссиясының төрайымы ретінде алғаш рет келіп отырмын. Мен әріптесіме міндетті түрде келемін деп уәде берген едім. Өйткені бұл сайлаудың қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы», – деді Элла Памфилова.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің сайлау органдары тығыз ынтымақтастық орнатып, тәжірибелерімен тұрақты түрде алмасып келеді. Қазақстандық мамандар Ресейдегі сайлауларға қатысса, ресейлік әріптестер өз кезегінде Қазақстандағы сайлау науқандарын бақылауға қатысады.

«Бүгін біз бірнеше сайлау учаскесіне де бардық. Олардың барлығы уақытында ашылды. Комиссия мүшелерінің дайындығы өте жақсы. Оларды оқыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілгені көрініп тұр. Әрқайсысы өз міндетін жақсы біледі, сайлаушыларға өте мұқият әрі сыпайы қарым-қатынас жасайды. Дауыс беру құпиясы қамтамасыз етілген. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары», – деді ол.

Элла Памфилова Қазақстандағы сайлау процесінде Ресей тәжірибесінде қолдануға болатын бірқатар шешімдерге назар аударғанын да айтты.

Оның сөзінше, бюллетень алған кезде сайлаушы тізімнен тек өзінің жеке деректерін ғана көре алады. Ресей ОСК төрайымы бұл тәжірибеге оң баға беріп, оны Ресейде де қолдану мүмкіндігі қарастырылатынын жеткізді.

«Мен бірнеше өте пайдалы шешімге назар аударып үлгердім. Маған жеке деректердің толық құпиялылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін трафареттер өте ұнады. Сайлаушылар бюллетень алған кезде қол қойған уақытта тізімнен тек өз деректерін ғана көреді. Бұл – өте жақсы шешім. Менің ойымша, біз де осы тәжірибені қолданамыз. Сонымен қатар назарымызға алған басқа да тұстар бар», – деді Элла Памфилова.

Сондай-ақ Элла Памфилова Қазақстанға сапары барысында басқа мемлекеттердің сайлау органдарының өкілдерімен кездесіп, тәжірибе алмасқанын хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстандағы сайлауды бақылау үшін 22 елдің өкілдері келген. Ол мұндай кездесулер мемлекеттерге бір-бірінің тиімді тәжірибелерін зерделеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сөз соңында Элла Памфилова Қазақстандағы дауыс беру күнінің сәтті өтуіне тілектестік білдіріп, сайлаудың ұйымдастырылу деңгейіне оң бағасын берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауы елдің одан әрі дамуына серпін береді – Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Бүгін 15:38

Темірбек те өз таңдауын жасады: робот Алматыдағы сайлау учаскесіне келді

Бүгін 15:20

Дауыс беруге ықыласпен келіп жатыр – ТМД байқаушылары сайлауға қатысу деңгейіне баға берді

Бүгін 15:20

Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов дауыс берді

Бүгін 15:19

Әуен мен көтеріңкі көңіл күй: Алматыда Құрылтай сайлауы қалай өтіп жатыр

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);