AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандағы жоғары оқу орындары 4 топ бойынша жі...

Қазақстандағы жоғары оқу орындары 4 топ бойынша жіктеледі

Білім және ғылым 27.12.2021, 05:39 1,551
Қазақстандағы жоғары оқу орындары 4 топ бойынша жіктеледі
rus.azattyq-ruhy.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында жоғары оқу орындарын жіктеудің жаңа моделі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысының ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес, академиялық жұртшылықпен талқылау қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарын жіктеудің моделі әзірленіп, академиялық қауымның талқылауынан өтті. Құжатты жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі кеңес мақұлдады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарын жіктеудің бұл моделі «ҚР Білім саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған», деп жазды Ералы Тоғжанов жауабында.



Жоғары оқу орындары мынадай топтарға бөлінеді:


бірінші топ – халықаралық және ұлттық деңгейдегі ЖОО


екінші топ – өңірлік деңгейдегі ЖОО,


үшінші топ – салалық деңгейдегі ЖОО.


Қалған жаңадан ашылған ЖОО-лар төртінші топқа жатады.


Сондай-ақ, жоғары оқу орындарын топтар бойынша жіктеу білім беру, ғылыми қызмет, интернационалдандыру нәтижелеріне, ел, өңір және (немесе) сала экономикасына қосқан үлесіне негізделмек. Жоғарды аталған үш топқа кіретін ЖОО білім беру бағдарламаларын аккредиттеп, олардың кәсіби стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуі қажет. Ал ғылыми қызметтің табыстылығы профессорлық-оқытушылық құрамның дәйексөзділік деңгейіне, ғылыми коллаборацияға, ғылыми жобаларды коммерцияландырудан түсетін кірістерге, рейтингтік журналдардағы жарияланымдар санына байланысты айқындалады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ералы #тоғжанов #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);