Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы ерлердің 40 пайызы бала күтімі мен т...

Қазақстандағы ерлердің 40 пайызы бала күтімі мен тәрбиелеу міндеттерін тең бөліседі

Әлеумет 14.12.2022, 16:31 948
Қазақстандағы ерлердің 40 пайызы бала күтімі мен тәрбиелеу міндеттерін тең бөліседі
Сурет: Inform.kz

Биыл Әкелер одағының құрылғанына 10 жыл толады


Елордада «Отбасы – ұлт тірегі!» атты VII республикалық әкелер форумы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Жиында «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет әкелер бірлестігінің құрылу тарихына тоқталып, форумның маңыздылығын атап өтті.


Әкелер форумында ұлттық құндылықтар, патриотизм, инклюзия, отбасылық білім, өмірлік дағдылар, мектептердегі әкелер кеңесі және бұқаралық спорт тақырыптарында 7 сессия өтті.



«Биыл Әкелер одағының құрылғанына 10 жыл толады. Осы жылдар ішінде қозғалыс еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Жауапты, саналы және позитивті ата-ана болуға бағытталған 1000-нан астам жоба іске асырылды», - деді М.Айтмағамбет форумның ашылуында.



Педагог-коуч Ғалымбек Бермағамбетовтің айтуынша, Әкелер форумының нақты нәтижесі – көп мектептерде әкелер кеңесінің құрылуы болды.



«Көп жағдайда мектепте ата-аналар жиналысы десе, оған аналар ғана баратын. Ал қазір әкелер кеңесі жиі өтеді, жылдық жоспар жасалып, әкесі жоқ балаларға әке орнын толтыру мәселелері талқыланады. Тағы бір өзекті мәселе – қазіргі әкелер көбіне банкоматқа ұқсап барады, тек материалдық қажеттілікке ғана мән беру көбейді. Бала тәрбиесін де бизнес тілімен айтсақ, өз жұбайына, тәрбиешіге «аутсорсқа» жіберді. Ана қанша жерден мықты болса да, әкенің орнын толтыра алмайтынын, әке де ананың орнын, мұғалім де ата-ананың орнын баса алмайтынын жақсы білеміз. Әкелер одағы осы мәселені халыққа жеткізіп, ой салуға тырысып жүр», - деді Ғ. Бермағамбетов.



Педагог бала тәрбиесі жар таңдаудан басталатынын еске салды.



«Адам не үшін үйленіп жатқанын, әрі қарай отбасы қандай бағытта өрбитінін саналы түрде түсініп үйленуі керек. «Баланы емес, өзіңді тәрбиеле» деген тұжырым көптеген ұлттың философиясында кездеседі. «Бала – ата-ананың орындалмай қалған арманы» деген де сөз бар. Яғни, бір әке шылым шегуді қоя алмаса, өз жігерін жеңе алмаса, баласының шылым шекпегенін қалап, тыйым сала бастайды. Демек, балаға үлгі ретінде болуы керек. Көп әкелер баласына үлгі болу сынды алға үлкен міндет қоймағандықтан, қоғамда зорлық-зомбылық, ажырасу жиіледі», - дейді Ғ. Бермағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әкелер форумы #отбасы #Бала тәрбиесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.