ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы ең үлкен пазл құрастырылды

Қазақстандағы ең үлкен пазл құрастырылды

Әлеумет 31.07.2023, 03:03 968
Қазақстандағы ең  үлкен пазл құрастырылды
Сурет: 24.kz
Мозайкалық туындының жалпы аумағы - 200 шаршы метр.

Мозайкалық туындының жалпы аумағы - 200 шаршы метр.


Оны «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсенділері мен қала тұрғындары жасап шықты. «Болашақтың  қаласы» деп аталатын картинада елорданың келешектегі келбеті салынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Тіпті пазлдағы суреттердің өз ерекшелігі мен астарлы ойы бар. 1500 дана мозайка бөлшектерінен тұратын пазлды құрастыру үшін 50 адам білек сыбана кірісті. Идея авторы Астананың келешектегі келбетінен бөлек, бас шаһардың бүгінгі түйіткілді мәселелерінің шешім тапқан көрінісін туынды арқылы көрсеткен. Мысалы, жыр болған LRT құрылысы, кіші Талдыкөлдің тағдыры, 5G жылдам интернет желісі сияқты бас-аяғы 30-ға жуық проблеманы алып, мозайкалық пазлда бейнелеген.



«Біз әртүрлі қаланың мәселелерін алдық және оның шешу жолдарын салдық осы пазлға. Мен өзім жалпы дизайнер болып табыламын. Біздің қозғалыстағы белсенділермен бірге осы суреттің эскизін салдық», - дейді идея авторы Мирас Ахметов. 



Идея авторы мен «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсенділері мозайкалық туындыны әзірлеу үшін 2 ай уақыт жұмсаған. Әрбір суреттің өз айтар ойы бар. Бүгін оны құрастыруға жасы да, жасамысы да бір кісідей атсалысты.


Алып пазлды Астана қаласы әкімдігінің дәл алдында құрастыру да тегін емес. Ұйымдастырушылар билікке ел Астанасының бүгіні мен ертеңгі көрінісі туралы ойымызды осылай жеткізгіміз келді дейді. «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсенділері келешекте бұл мозайкалық туындыны қаланың көрікті жеріне орналастыруды көздеп отыр.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/611302-astanada-aza-standa-y-e-lken-pazl-rastyryldy
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.