ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстандағы балалар үйінің саны 30%-ға азайды

Қазақстандағы балалар үйінің саны 30%-ға азайды

Өмір-өзен 02.06.2021, 12:08 2,356
Қазақстандағы балалар үйінің саны 30%-ға  азайды
Сурет: Devonlive.com
Соңғы 3 жылда балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны 32%-ға қысқарған.

Соңғы 3 жылда балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны 32%-ға қысқарған.


Еліміздегі балалар үйінің бүгінгі ахуалы жөнінде Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтып берді  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Асхат Аймағамбетов министрлік жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.


Ол соңғы 3 жылда балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны 32%-ға (6223-тен 4254-ке дейін), ал балалар үйі 30%-ға (138-ден 96-ға дейін) қысқарғанын айтып жеткізді.


Сонымен қатар бала асырап алушы ата-аналар мектептері жұмысының нәтижесінде балалар үйлеріне қайтарылған жеткіншектердің де саны азайды.


Жетім балаларды орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметі, оларды аккредиттеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ әлеуетті асырап алушы ата-аналарды міндетті даярлау рәсімдері реттелген.



«Аталған шараларды енгізу балалар үйінде тәрбиеленетін балалар санын азайтуға, сондай-ақ балалар үйлеріне қайтарылған жеткіншектердің санын төмендетуге мүмкіндік берді. Республикада 23 063 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, олардың 81,5%-ы асырап алушы отбасыларда тәрбиеленіп жатыр», – деп атап өтті министр Асхат Аймағамбетов.



Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі инклюзивті білім беруді дамыту үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың құрдастарымен қатар жалпы білім беретін мектепте оқуына жағдай жасалып жатыр. Биыл ерекше қажеттіліктері бар балаларды жан басына қаржыландыру өседі. Бұл балалардың басым бөлігін инклюзивті білім берумен қамтуға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар биыл мектептерде алғаш рет педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Олар білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға психологиялық және педагогикалық көмек көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.