ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда теміржол көлігі саласында 3 инфрақұрыл...

Қазақстанда теміржол көлігі саласында 3 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделіп отыр

Экономика 29.03.2022, 09:38 1,779
Қазақстанда теміржол көлігі саласында 3 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделіп отыр
Сурет: Regnum.ru
Қазақстан Үкіметі 2025 жылға дейін 3 негізгі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Үкіметтің жоспары.


Қазақстан Үкіметі 2025 жылға дейін 3 негізгі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бүгінгі таңда еліміз бойынша өтетін транзиттік жүктердің шамамен 90% теміржол көлігімен тасымалданады. Дегенмен, әлеуеті одан да зор. Осы мақсатта теміржол көлігі саласында 2025 жылға дейін 3 негізгі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды жоспарланып отыр», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарамасында.



Солардың біріншісі - «Достық-Мойынты» жобасы. Оны іске асыру Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдар көлемін арттырады. Учаскенің өткізу қабілеті 5 есе ұлғайып, тасымал жылдамдығы тәулігіне 1500 шақырымға дейін жетеді.


«Дарбаза-Мақтаарал» жобасы Орта Азия елдеріне транзиттік қашықтықты қысқартып, қолданыстағы өткізу пункті арқылы Өзбекстанға аумағына шығуды қамтамасыз етеді.


Үшінші жоба - «Алматы станциясының айналма теміржол желісі». Ол Алматы торабына түсетін жүктемені 30% азайтып, жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа дейін қысқартады.


Осы орайда теміржол көлігі саласында жылжымалы құрамды жаңарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, отандық вагон жасауды қолдау мақсатында өз елімізде шығарылған вагондарды сатып алуға кредит бергенде вагон операторлары үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бағдарлама шеңберінде шамамен 3,5 мың фитингтік платформа және 2 мыңнан астам жүк вагоны сатып алынды. Сондай-ақ, биыл «Қазақстан темір жолы» 1,5 мың жүк вагонын сатып алуды жоспарлап отыр.


Жүк тасымалдарын одан әрі дамыту мақсатында министрлік отандық электровоздар (ALSTOM) мен тепловоздарды (ЛКЗ GE) сатып алғанда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдауды заңнамалық түрде енгізуді ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.