ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда суару маусымы аяқталды

Қазақстанда суару маусымы аяқталды

Әлеумет 14.10.2024, 14:19 1,159
Қазақстанда суару маусымы аяқталды
Сурет: Gov.kz
Еліміздің барлық аймағында суару маусымы аяқталды.

Еліміздің барлық аймағында суару маусымы аяқталды.

Вегетация кезеңі 1 сәуірде басталды. Құрғақшылық туралы түрлі болжамдарға қарамастан, Үкімет қажетті іс-шараларды қабылдап, шаруаларды суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Суару кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларға 11,2 млрд текше метрге жуық су берді.

Биыл министрлікке ведомстволық бағынысты «Қазсушар» мекемесінің филиалдары шаруа қожалықтарымен суармалы су беру жөнінде 25 мыңға жуық келісімшарт жасады.

Су тұтыну көлемі бойынша көш басында - Қызылорда облысы. Өңірдің дихандарына 3,7 млрд текше метр су берілді. Түркістан облысының шаруалары 3,4 млрд текше метр су алды. Жетісу облысының дихандарына 1,37 млрд текше метр су берілсе, Алматы облысының шаруалары 1,57 млрд текше метр су пайдаланды.

«Үкімет төтенше жағдай мен суармалы су тапшылығының алдын алды. Біз былтырғы жағдайдан тәжірибе жинап, сабақ алдық. Осының нәтижесінде биыл шаруаларды үздіксіз суармалы сумен қамтамасыз еттік. Су дипломатиясы да маңызды рөл атқарғанын айта кеткен жөн. Биыл Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елімізге бастапқыда болжанған көлемнен артық су жіберді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезеңіне дайындықты бастады. Еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберіле бастады. Ал, оңтүстік облыстардағы су қоймалары керісінше, су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.

Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының келесі отырысында Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамды жұмыс кестесі жасалады және келесі жылға су беру көлемі бекітіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.