Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда су ресурстарының жетіспеушілігі байқал...

Қазақстанда су ресурстарының жетіспеушілігі байқалуда – комитет

Әлеумет 19.08.2022, 12:43 2,192
Қазақстанда су ресурстарының жетіспеушілігі байқалуда – комитет
Сурет: Turkystan.kz

Үш есе көп су қажет


Қазақстанда су ресурстарының жетіспеушілігі қазірден байқалуда. Бұл туралы Су ресурстары комитеті су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Марат Иманәлиев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Қазақстанның су ресурстарын бірегей және басқа елдермен салыстырғанда көбірек сын-қатерге ұшырайтын әлсіз жүйе деп айтуға болады. Су ресурстарына жаһандық жылыну да ықпал етеді. Мұздықтардың еруі судың көбеюіне әкеледі, бірақ мұның уақытша әсер екенін атап өткен жөн. 2000 жылдары орташа көпжылдық өзен ағыны 120 текше км болса, қазір 102 текше метрді көрсетіп отыр. Бұл өзен ағыны туралы. 2030 жылға қарай кей болжамдарға сәйкес, өзен ағынының 99 текше километрге дейін қысқаруы мүмкін. Қазірдің өзінде біз су ресурстарының жетіспеушілігін сезініп отырмыз», - деді М. Иманәлиев Экология министрлігі ұйымдастырған ZOOM коференцияда.



Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы дамыған оңтүстік өңірлерде – Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында су ресурстары тапшы. Бұл облыстардың қолда бар су ресурстары таусылды.



«Нәтижесінде су тартудың өзі экологияға зиян келтіріп отыр, яғни біз суды табиғаттан аламыз. Біздің барлық су ресурстарымыздың 44%-ы Қытайдан, Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келетін трансшекаралық суларға байланысты. Оңтүстік өңірлер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге үлкен үлес қосуда. Су ресурстары тапшылығының артуы кезінде суды тиімсіз пайдалану жағдайлары да байқалады. Біздің еліміздің экономикасына үш есе көп су қажет. Әрбір дана өндіруге орта есеппен 129 текше метр су жұмсалады, ал АҚШ-та, Ресей Федерациясында 44 текше метр, Аустралияда 21 текше метр. Бұл, ең алдымен, судың тиімсіз шығындарымен байланысты, ауыл шаруашылығында тасымалдау кезінде судың шамамен 40% және одан да көп мөлшерін жоғалтамыз. Экономика салаларында да суды қажет ететін технологияларды пайдаланамыз», - деді Марат Иманәлиев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су ресурстары #экономика #комитет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.