ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда спорт, мәдениет және туризм салаларына...

Қазақстанда спорт, мәдениет және туризм салаларына бөлінетін қаражат көлемі азайды

Әлеумет 27.08.2021, 08:57 863
Қазақстанда спорт, мәдениет және туризм салаларына  бөлінетін қаражат көлемі азайды
Сурет: Vitalem.kz
Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың жетістігі аз болғанымен, оларға берген сыйақы көлемі әлемдік деңгейдің өзінде өте жоғары болды.

Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың жетістігі аз болғанымен, оларға берген сыйақы көлемі әлемдік деңгейдің өзінде өте жоғары болды.


Көп жылдан бері Қазақстан Үкіметі спорт, мәдениет және туризм саласына бөлетін қаражат көлемін азайтты. Үстіміздегі жылы осы салаларға бөлінген  қаражат мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 2,6%-ға аз болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сілтеме жасап.


2021 жылдың қаңтар-маусым айларында спорт, мәдениет, туризм және ақпараттық салаға  мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын шығын көлемі 219,6 млрд теңгені құрады - бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,6% -ға аз.


Бұл салаларға жұмсалатын қажат көлемінің азаюы жеті жылдан бері алғаш рет байқалып отыр. Сегменттің үлесі былтырғы 3% -ға және 2,7%-ға дейін, бес жыл бұрынғы 3,6%-ға дейін төмендеді.


Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында мемлекеттегі спортқа, мәдениетке, туризмге 225,4 млрд теңге жұмсалған, яғни жылына 3,3% пайызға артқан.



Жергілікті бюджеттердің спортқа, туризмге, мәдениетке және ақпараттық салаға  жұмсалатын шығынға келер болсақ, онда жағдай  ұқсас болып тұр: сектордың жалпы шығыстардағы үлесі бір жыл бұрын  5% болатын, қазір 4,3% құрайды. Алты ай ішінде жергілікті бюджеттерден 153,9 млрд теңге бөлінді - бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,2% аз.


Республика бойынша, шығыстың көп бөлігі Түркістан облысының бюджетіне түсті: 17,4 млрд теңге – өткен жылмен салыстырғанда 28,5% -ға артық. Сектор бойынша шығындары көп үштікке Қарағанды ​​облысы (14,2 млрд  теңге, минус 11%) мен Алматы (11,7 млрд теңге, 25,1% плюс) кірді. Үш үздік аймаққа республикадағы барлық жергілікті бюджет шығыстарының 28,1% тиесілі болды.



Мәдениет және спорт министрлігінің есебіне сәйкес, 2020 жылы министрлік республикалық бюджеттен 108,8 млрд теңге жұмсады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,9% -ға артық. 


Оның ішінде шығыстардың 27,9%-ы немесе 30,3 млрд теңгесі жоғары өнімді спорт түрлерін дамытуға тиесілі, оның ішінде 10,9 млрд теңгесін Ұлттық Олимпиада комитеті жұмсады. 


Тағы 8,8% немесе 9,6 млрд теңге дарынды балаларды спортпен шұғылдануға және оқытуға түсті, оның ішінде қаражаттың жартысына жуығы спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың күрделі шығындары болды. 


Бұқаралық спорт пен ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетуге тек 0,4%немесе 426,5 миллион теңге жұмсалд.


Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы елдегі спорт секторын реформалау бойынша тапсырма берген, деп хабарлайды ҚР Премьер -Министрінің ресми ресурсы. Мемлекеттік органдарға спортты одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді:



  • бұқаралық және балалар спортына қолжетімділікті арттыру;

  • спорт ғимараттарының материалдық -техникалық жабдықталу деңгейін көтеру. 


Халықты спортпен қамту бойынша мақсатты индикаторларды ағымдағы жылы кемінде 35% нәтижеге қол жеткізумен қайта қарау тапсырылды (бүгін - 31,6%).


Жыл соңына дейін әкімдіктерге 43 спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау, жаттығу алаңдары мен басқа да арзан спорттық нысандар желісін кеңейту тапсырылды.



Айта кетерлігі, қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында медальдар саны бойынша рейтингтің соңынан үшінші орынға ие болды: Қазақстан 86 орынның ішінде 83 -ші орынға иемденді. Марапаттар саны бойынша алдыңғы қатарға АҚШ, Қытай және Жапония шықты. 


Қазақстандықтар небары 8 қола медаль ала алды. Биыл Қазақстанға «күміс» те, «алтын» да әкелінбеді - бұл барлық ТМД елдері арасындағы ең нашар көрсеткіш.


Бұл ретте Қазақстандағы Олимпиада жүлдегерлеріне «қола» үшін 75 мың АҚШ доллары табысталды. Бұл қола медалі 15 мың АҚШ долларын құрайтын АҚШ-тағы «қолаға» берілетін мемлекеттік наградадан немесе ол үшін 9 мың АҚШ доллары берілген Жапонияда әлдеқайда көп.


Салыстырмалы түрде айтатын болсақ,  Ресейдегі қола медаль үшін спортшыларға 23 мың АҚШ доллары көлемінде ақша берді, ал  Украинада - 55 мың АҚШ долларын, Өзбекстан - 50 мың АҚШ долларын, Әзірбайжан - 58,8 мың АҚШ долларын, Қырғызстан - 59 мың АҚШ долларын берді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.