ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда қаржы заңнамасына реформа жасалмақ

Қазақстанда қаржы заңнамасына реформа жасалмақ

Экономика 15.07.2025, 11:00 805
Қазақстанда қаржы заңнамасына реформа жасалмақ
Сурет: Astanatv.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Қазақстанда қаржы заңнамасын реформалаудың үлкен пакеті дайындалып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында...

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Қазақстанда қаржы заңнамасын реформалаудың үлкен пакеті дайындалып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Ол Ұлттық Банк макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыра беретінін атап өтті.

Инфляцияның өсу тәуекелін азайту үшін республикада дезинфляциялық саясат жүргізілмек. Ақша-кредит саясаты құралдарынан бөлек қосымша шаралар қабылданады.

  • Алтын сатып алу шеңберінде валюталық операцияларды теңдестіру жалғаспақ.
  • Жеке тұлғалардың несиелері бойынша контрциклдік капитал буферін енгізу туралы шешім қабылданды.
  • Банктер үшін міндетті резервтердің ең төменгі талаптарын арттыру жұмысы пысықталып жатыр.
  •  Активтерді басқару аясында Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының портфелінде жоғары кірістілікке ие активтердің үлесін ұлғайту көзделіп отыр.
  •  Қаржы секторының цифрлық трансформациясы жалғасады. Цифрлық теңгені масштабтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл цифрлық теңгені мемлекеттік қаржының жаңа бағыттарында енгізу мүмкіндіктерін пысықтауды қамтитын болады.
  • Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің қаржы заңнамасы бойынша ауқымды реформалар топтамасы әзірленіп жатыр. Бұл топтамада банктер, төлемдер, бағалы қағаздар нарығын дамыту және басқа да мәселелер қамтылған. Оған қоса Цифрлық қаржы активтерін реттеуді және Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын енгізу жоспарлануда. Төлем нарығын одан әрі дамытуды жалғастырамыз. Аталған шаралар қаржы секторының экономиканы дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға қосып жатқан үлесін арттырады, оның дәстүрлі секторларына да, жаңа салаларға да серпін береді.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.