конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда қанша дәрігер бар? Денсаулық сақтау са...

Қазақстанда қанша дәрігер бар? Денсаулық сақтау саласындағы ел білмейтін деректер

Медицина 14.06.2025, 10:21 1,317
Қазақстанда қанша дәрігер бар? Денсаулық сақтау саласындағы ел білмейтін деректер
сурет: ЖИ

Маусымның үшінші жексенбісі - медицина қызметкерлері күні. Кәсіби мереке қарсаңында Aqshamnews.kz тілшісі  еліміздегі денсаулық сақтау саласына қатысты жұрт білмейтін деректерді ұсынады.

Қазақстанда қанша медқызметкер бар?

2025 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 275 107 медицина қызметкері тіркелген. Оның ішінде 83 379 – дәрігер, 191 728 – орта медицина қызметкері (мейіргер, фельдшер т.б.). Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұлардың арасында ең көп жүктемемен жұмыс істейтін дәрігерлік мамандықтар жалпы практика дәрігерлері және терапевтер екен.

Медицина мамандықтарына сұраныс қандай?

Соңғы бес жылда медицинаға қызығушылық артқаны байқалады. 1-курсқа қабылданған студенттер саны:

  • 2020–2021 оқу жылы – 8 351

  • 2021–2022 – 10 846

  • 2022–2023 – 12 844

  • 2023–2024 – 16 396

  • 2024–2025 – 17 490

Қазіргі таңда елімізде 71 754 студент болашақ дәрігер ретінде білім алып жатыр. Алайда 2024 жылдың қорытындысы бойынша медицина мамандарының тапшылығы 8217,25 шт.бірлік құрады (оның ішінде дәрігерлер – 3986, ОМҚ – 4231,25). Ең үлкен тапшылық келесі жалпы практика дәрігерлері (255,25), терапевттер (252,75), анестезиологтар-реаниматологтар (230,25), акушер-гинекологтар (183,75), хирургтар (164,5), педиатрлар (150), дәрігер-зертханашылар (101,5) бойынша байқалған. 

Ең көп және ең аз жалақы алатын медқызметкерлер

Медицина саласының қызметкерлері арасында ең жоғары және ең аз жалақы алатындар кімдер екенін сұратқан болатынбыз. Алайда ведомство бұл сұраққа нақты сандармен жауап бермеді. Себебі, дәрігер жалақысын тағайындау жүйесі күрделі. Ол:

  • дәрігердің біліктілігіне,

  • істейтін жұмыс көлемі мен күрделілігіне,

  • меншік нысанына,

  • және еңбек шартына байланысты белгіленеді.

Мемлекеттік мекемелердегі еңбекақы ҚР Үкіметінің қаулысына сай бекітіледі. Ал шаруашылық жүргізу құқығындағы мекемелерде жалақыны мекеменің өзі белгілейді. Сондықтан бір саланың екі түрлі мекемесінде жұмыс істейтін мамандардың айлығы айтарлықтай айырмашылық көрсетуі мүмкін.

Кәсіби қателігі үшін қанша дәрігер істі болды?

Соңғы үш жылда медициналық қателікке байланысты 2022 жылы – 6, 2023 жылы – 5, 2024 жылы – 10 іс қаралған.  Бұл істердің барлығы тәртіптік, соттық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша қаралған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #дәрігер #кәсіби мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);