ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда қанша ана алимент төлеуден жалтарып жү...

Қазақстанда қанша ана алимент төлеуден жалтарып жүр?

Әлеумет 13.08.2025, 09:55 729
Қазақстанда қанша ана алимент төлеуден жалтарып жүр?
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Әділет министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы алимент төлемейтін борышкерлердің басым көпшілігі – ер адамдар. Мекеме алимент өндіру ісінің көлемі, берешек сомасы және борышкерлерге қолданылатын...

Әділет министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы алимент төлемейтін борышкерлердің басым көпшілігі – ер адамдар. Министрлік Аqshamnews.kz редакциясына алимент өндіру ісінің көлемі, берешек сомасы және борышкерлерге қолданылатын шаралар туралы толық дерек ұсынды.

Кейінгі 3 жыл ішінде алимент өндіру туралы қанша іс тіркелген?

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті алименттерді өндіру ісіне қатысты жаңа деректерді жариялады. Ресми ақпаратқа сәйкес,

  • 2023 жылы сот орындаушыларының өндірісінде алимент өндіру туралы 326 мың іс болған.
  • Бұл көрсеткіш 2024 жылы 343 мыңға жеткен.
  • Ал 2025 жылдың басынан бері 317 905 атқарушылық іс тіркелді.

Алиментке байланысты істердің ішінде 13 мыңнан аса немесе шамамен 4  пайызы проблемалық деп танылған. Бұл істер бойынша берешек көлемі - 18,5 млрд теңге.

Қанша ана алимент төлеуден жалтарып жүр?

2025 жылғы 19 маусымдағы жағдай бойынша алимент төлемеген борышкерлердің жалпы саны 247 795 адам.

  • Оның 240 420-сы (97 пайызы) – ер адамдар,
  • ал 7 375-і (3 пайызы) – әйелдер.

Комитет алимент төлемейтін ерлер мен әйелдердің арақатынасы бойынша жеке статистика жүргізбейтінін атап өтті.

Алименттен жалтарған қанша адам сотталды?

2025 жылдың алғашқы алты айда аумақтық әділет органдары 2 615 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша ішкі істер органдарына 528 ұсыныс жолданған. Соның нәтижесінде бірыңғай тізілімде 429 іс тіркеліп, оның 315-і сотқа жолданды, ал 254 адам сотталған.

Борышкерлерге қандай жаза қолданылады?

Заң бойынша алимент бойынша берешегі үш айдан асқан борышкердің банктегі қаражаты мен мүлкіне тыйым салынып, шетелге шығуына шектеу қойылуы мүмкін. Сондай-ақ, борышкердің мүлкін өндіріп алу шаралары қолданылады. Атқарушылық құжатты орындамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке, ал Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамға 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, екі жылға дейін бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.