AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда қалқанша без обырын емдеуге арналған п...

Қазақстанда қалқанша без обырын емдеуге арналған препарат жасау өндірісі қолға алынды

Медицина 24.06.2021, 13:54 1,758 Almaty-akshamy.kz.
Қазақстанда қалқанша без обырын емдеуге арналған препарат жасау өндірісі қолға алынды
Сурет:Gov.kz.

Қазақстанда қалқанша без обырын емдеуге арналған препарат жасау өндірісі қолға алынды


 


2021 жылғы 22 маусымда «Ядролық физика институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында қалқанша без обырын қоса алғанда, қалқанша без ауруларын емдеу үшін натрий йодид (131I) радиофармпрепаратының бірінші өнеркәсіптік партиясы жасалды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР ЭМ баспасөз қызметінің хабарына сілтеме жасап. Бұл препарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде «натрий иодиді 131I, ішуге арналған ерітінді» атауымен дәрілік зат ретінде тіркелді, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.


2021 жылғы 24 маусымда препарат Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығының алғашқы пациенттеріне жеткізілді. Ағзаның патологиялық ошағында натрий йодиді (131I) радиофармпрепаратының таңдамалы жиналуының арқасында қоршаған тіндерді сақтай отырып, обыр клеткалары жойылады.


Ядролық физика институтында (Алматы қ.) радиофармацевтикалық препараттар жасау тарихы 1986 жылдан басталады. Дәл осы жылы КСРО-да миокард инфарктісін алдын ала диагностикалау үшін Таллий-201 изотопы бар препараттың алғашқы өндірісі ұйымдастырылды.


Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін адамның барлық органдарының ауруларын диагностикалау үшін кеңінен қолдануға болатын Технеция-99м өндірісі жолға қойылды. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінде бұл изотоптың үлесіне барлық радионуклидтік рәсімдердің 80%-дан астамы тиесілі.


2011 жылы Ядролық физика институты технеция генераторларын тіркеді және екі апта бойы жұмыс істейтін және елдің кез келген өңіріне жеткізілуі мүмкін ықшам тасымалданатын генераторларды өндіруді бастады.


Радионуклидтік диагностиканы қолдана отырып, қатерлі ісіктерді дамудың ең ерте сатысында анықтауға болатындығын атап өткен жөн, бұл қатерлі ісік ауруынан болатын өлімді азайтады және науқастарда қайталану санын едәуір азайтады.


Генератордың конструкциясын жасау бойынша жұмыстар 2014 және 2015 жылдары «Жыл өнертабысы», «Шапағат» республикалық конкурстарында екі мәрте жеңіске жетті.


2018 жылы құрамына радиофармацевтикалық препараттар шығаратын заманауи кешен кіретін Алматы қаласындағы Ядролық физика институты базасында Ядролық медицина және биофизика орталығының құрылысы аяқталды. Орталықты құрудың соңғы кезеңі радиофармпрепараттар өндірісін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестікке сертификаттау болды.


Институт қызметкерлері болашақта ядролық медицинаның жаңа әзірлемелері негізінде Қазақстан ұлтының денсаулығы мен өмір сүру сапасын нығайту мақсатында радиофармпрепараттардың кең спектрін қолдана отырып, әртүрлі ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін жаңа препараттар әзірлеуді жоспарлап отыр.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Казахстан #Кыргызстан #граница #КПП #Қазақстан #қалқан без #дәрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);