AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерл...

Қазақстанда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салық мөлшерлемелері ұлғайтылды

Әлеумет 01.04.2022, 08:03 1,290
Қазақстанда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салық мөлшерлемелері ұлғайтылды
Сурет: Rbc.ru

Пайдаланылмай жатқан 8,1 млн га жер анықталды.


Қазақстан Үкіметі пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін нақты жұмыс істейтіндерге беруді көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ElDala.kz сілтеме жасап.


Қазақстанда жайылымдардың тапшылығы кезінде пайдаланылмай жатқан 8,1 млн га жер анықталды. Тексеруден кейін олардың бір бөлігін жер пайдаланушылары игере бастады, ал бір бөлігі мемлекеттік меншікке алынды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.


Үкімет жанындағы экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану мәселесі талқыланды.



Жыл басында Қазақстан Президенті пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мәжбүрлеп алып қою мерзімі екі жылдан бір жылға дейін қысқартылатын заңға қол қойды. Бұл ретте космомониторинг арқылы мемлекеттік бақылаудың жаңа тетіктері енгізілді. Сондай-ақ, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салық мөлшерлемелері екі есе ұлғайтылды.



Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлағандай, 2019-2021 жылдары мониторинг барысында 8,1 млн га пайдаланылмайтын немесе мақсатқа сай пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды. Әрекет ету шаралары қабылданғаннан кейін, 3,4 млн га қолданыстағы жер пайдаланушылар игере бастады, ал 2,1 млн га мемлекеттік меншікке қайтарылды.


Бүгінгі таңда 2,6 млн га жер жергілікті атқарушы органдардың қарауында.


Сонымен қатар, 2021 жылы ауыл халқының мал жаю үшін жайылымға қажеттілігі 21 млн гектардан 14 млн гектарға дейін қысқарды, оның ішінде ұйымдасқан шаруашылықтармен меморандумдар жасасу және елді мекендердің шекарасын кеңейту есебінен.


Премьер-Министр Әлихан Смайылов мониторинг пен жер пайдаланушылармен жұмысты жалғастыру қажеттігіне назар аударды.



«Ауыл шаруашылығы министрлігіне жұмысты жандандыруды тапсырамын. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жер бетінде нақты жұмыс істейтіндерге берілуі тиіс», - деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер #АШМ #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);