AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстанда Өзбекстан Республикасы архивтерінің кү...

Қазақстанда Өзбекстан Республикасы архивтерінің күндері басталды

Мәдениет 05.06.2024, 16:45 1,120
Қазақстанда Өзбекстан Республикасы архивтерінің күндері басталды
Сурет: Gov.kz

Шымкентте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасы архивтерінің күндері басталды.

Іс-шара аясында «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті және «Узархив» агенттігінің, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік архивтерінің өкілдері, сондай-ақ тарихшылар мен өлкетанушылар, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Конференцияда ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан министр Аида Балаеваның құттықтау хатын оқыды.

«Біз - ортақ шекарамыз ғана емес, тарихы мен мәдениеті, әдебиеті мен өнері ұқсас бауырлас халықпыз. Орталық Азия аймағында Өзбекстан Республикасымен ауқымды мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған стратегиялық маңызы зор бірлескен жобалар іске асырылуда.  Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастық Мемлекет басшыларымыздың саясатының арқасында қарқынды дамып келеді. Біз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында мәдени мұраларды зерттеуде, Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік архив қорларында сақталған құнды тарихи мәліметтерді анықтауда табысқа жететінімізге сенімдімін», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Узархив» агенттігі төрағасының орынбасары Шерзод Садықов екі ел арасындағы архивтік қарым-қатынасты нығайтып, жан-жақты дамытуға ведомство тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Конференцияда тарихты зерттеудегі архив құжаттарының орны мен рөлі, архив саласының жағдайы және даму перспективалары, архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудің заманауи технологиялары туралы жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ халықаралық іс-шара аясында екі елдің мемлекеттік архивтері ұйымдастырған көрме өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Өзбекстан #архивтер күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);