ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда орта және кәсіптік білім беру қызметте...

Қазақстанда орта және кәсіптік білім беру қызметтері қымбаттады

Білім және ғылым 02.11.2022, 05:53 1,137
Қазақстанда орта және кәсіптік білім беру қызметтері қымбаттады
Сурет: Lrmk.ru
Қызмет көрсету көлемі 84,2 млрд теңгеге жетті.

Қызмет көрсету көлемі 84,2 млрд теңгеге жетті.


Колледждер мен мектептердің қызмет ақысы жылдық көрсеткіште бірден 19%-ға өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


2022 жылдың қаңтар-маусым айларында техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет көрсету көлемі 84,2 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артық.


Бюджет қаражаты есебінен 73,8 млрд теңгеге, халық есебінен 9,8 млрд теңгегеге, кәсіпорындар есебінен 669 млн теңгеге қызмет көрсетілді. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сектордағы қызмет көрсету көлемі 73,6 млрд теңгені құраған, жылдық көрсеткіш  7,8%-ға артық.


Өңірлік бөліністе қызмет көрсетудің ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі: 11,1 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 18%-ға артық. Олардан кейін Түркістан облысы (5,6 млрд теңге, бір жылда 3,9%-ға кем) және Шымкент (5,5 млрд теңге,  жыл ішінде 21,5%-ға артық).


Ең аз қызмет көрсету көлемі Ұлытау облысында байқалды: бар болғаны 1,5 млрд теңге. Үздік аутсайдерлердің үштігінде Атырау мен Абай облыстары бар.


Техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет көрсету көлемі Астанада жоғары көрсеткіш көрсетті 4,6 млрд теңге, жыл ішінде өсім 27,1%, бұл салада ең аз көрсетілген қызмет Шығыс Қазақстан облысында  тіркелді  3,1 млрд. теңге,  жыл ішінде 42%-ға құлдыраған.


Техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың 76,7 пайызы мемлекеттік. Жыл басынан бері мемлекеттік мекемелер 64,6 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға артық. Көрсетілген қызметтердің тағы 23,3%-ы жеке кәсіпорындарға (19,7 млрд. теңге, жыл ішіндегі өсім айтарлықтай, 24,3%), тек 1,9 млн. теңге – шетелдік кәсіпорындарға тиесілі.


Кәсіпорындардың көлемі бойынша қызмет көрсетудің негізгі көлемі орта бизнеске тиесілі: 46,4 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 11,3%-ға артық. Шағын кәсіпкерлік субъектілері секторда 30,5 млрд теңгеге,  жыл ішінде 20,1%-ға артық, ірі кәсіпорындар – 7,3 млрд теңгеге, жыл бұрынғыдан 13%-ға көп қызмет көрсетті.


Бағаның өсімі бойынша Атырау облысы көш басында: жылына 65,9%-ға. Одан кейін Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында кәсіптік білім беру қымбаттаған: тиісінше 35,4% және 34,5%.  Білім ақысы ең аз өскен өңір- Ақмола облысы, жыл ішінде 1,3%.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.