ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте анықтау жа...

Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте анықтау жағы артты

Алматы 03.02.2026, 12:36 152
Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте анықтау жағы артты
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жыл сайын 4 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасындағы 2025 жылғы онкологиялық көмектің...

Жыл сайын 4 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасындағы 2025 жылғы онкологиялық көмектің қорытындысына арналған брифинг болып өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Іс-шара барысында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары Айша Молдашева онкологиялық ауруларды ерте анықтау мен емдеу саласындағы жүйелі жұмыстың тұрақты нәтижелерін атап өтті.

Оның айтуынша, 2025 жылы елімізде скринингтік бағдарламаларды кеңейтіп, ауруды ерте анықтау көрсеткіші артқандықтан жағдай біршама жақсарып қалған. Диагностиканың сапасы жақсарып, дәрігерлік көмектің тиімділілігі еселенгендіктен барлық өңірде сырқаттанғандардың саны да едәуір өсіпті.   

«Қазір ауруды анықтау деңгейі ғана өсіп қана қойған жоқ,  онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған жүйелі жұмыстың да арқасы бұл.   Бұл емдеуді уақтылы бастауға мүмкіндік беріп, пациенттердің ұзақ әрі сапалы өмір сүру мүмкіндігін едәуір арттырады», - деді Айша Молдашева.

Жалпы онкологиялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалып отыр. Қазақстанда қазір 246 мыңнан астам науқас бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға көп. Былтыр 43 мыңнан астам жаңа науқас анықталды, олардың жартысынан көбі алғаш рет диагноз қойылған еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Аурушаңдық құрылымында сүт безі обыры, колоректалдық обыр мен өкпе обыры алдынғы орындарды алып отыр, бұл өткен жылдардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Брифинг барысында онкологиялық қызметтің кадрлық әлеуетін нығайту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Спикердің айтуынша, кадрмен қамтамасыз ету жүйенің тұрақтылығына, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер етеді.

Қазіргі уақытта жүйеде онкологиялық бейіндегі 1,7 мыңнан астам маман еңбек етіп жатыр. Дәрігер тапшылығын кезең-кезеңімен азайту мақсатында резидентура арқылы кадрларды жүйелі даярлау мен өңірлік қажеттілікті ескере отырып біліктілікті арттыру бағдарламалары іске аса бастады. Ғылыми ұйымдардың базасында мамандарды оқыту мен қайта даярлау арқылы онкологиялық орталықтарға арналған тұрақты кадрлық қор да қалыптасып жатыр.

«Біз резидентурадан бастап дәрігерлерді, орта медициналық персоналды, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді мультидисциплинарлық оқытуға дейін кадрларды даярлау мен біліктілігін арттырудың үздіксіз жүйесін қалыптастырып жатырмыз. Бұл онкологиялық көмектің сапасын кезең-кезеңімен арттырып, оның өңірлерде қолжетімді болуын қамтамасыз етеді», - деп қорытындылады Айша Молдашева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.