12 ақпанда Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулердің жаңа тетігі таныстырылды. Қабылданған заң мемлекеттік реттеуді күшейтіп, жоғары тәуекел деңгейіндегі нысандар үшін жыл сайынғы тексерулерді енгізеді және тексерулер туралы хабарлау тәртібін өзгертедіҚазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерудің жаңа тәртібі енгізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
2026 жылдан бастап жоғары тәуекел деңгейіне жататын нысандарға, соның ішінде қауіпті өндірістік объектілер мен қызмет ету мерзімі асып кеткен құрылғыларға жыл сайынғы тексерулер жүргізіледі. Ал тәуекелі төмен нысандар үш жылда бір реттен жиі тексерілмейді.
Сондай-ақ тексеру туралы субъектілерді 30 күн бұрын хабардар ету талабы жойылды. Енді хабарлама бір жұмыс күні бұрын жіберіледі, бұл қауіпсіздік жағдайын бағалаудың объективтілігін арттырады.
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданыстағы тетіктердің орнына салалық заңдарға бақылау мен қадағалауды жүргізудің ерекше тәртібі енгізіледі. Осылайша, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске екі жаңа формат енгізілді: жоспарлы тексерулер және нысанға бару арқылы мониторинг.
Жоғары тәуекел деңгейіндегі нысандарға жоспарлы тексерулер кемінде алты айда бір рет, ал төмен тәуекел деңгейіндегі нысандарға жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі. Мұндай нысандардың жарты жылдық тізімдері уәкілетті органның интернет-ресурстарында ашық түрде жарияланып отырады.
Ерекше тәртіп бойынша нысандарға алғаш рет бару кезінде айыппұл түріндегі әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылмайды. Әкімшілік шаралар тек құқық бұзушылықтарды жоймаған қасақана тәртіп бұзушыларға ғана қарастырылған.
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейді. Олар бұдан былай бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне құқық бұзушылық себептерін жою туралы жеке ұсыныс енгізу, мемлекеттік меншік нысандарына қатысты жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдарға міндетті ұсынымдар жолдау, сондай-ақ балалар мекемелеріндегі құқық бұзушылықтардың жүйелі себептерін жоюды талап ету құқығына ие болады.
Бизнес субъектілерін қызықтыратын мәселелер бойынша және тексеруші мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттері бойынша Бас прокуратураның бірыңғай байланыс орталығына (телефон-115), Комитеттің сайтында көрсетілген телефон нөмірлері бойынша Комитетке және оның аумақтық органдарына тікелей жүгіне алады (байланыс, аймақтық органдар).
Сонымен қатар, кез келген кәсіпкер Комитеттің «www.qamqor.gov.kz» ақпараттық порталында немесе «Qamqor» мобильді қосымшасы арқылы тексерістің тіркелуін көре алады («App Store» және «Google Play» дүкендерінде жүктеуге болады).
«Qamqor» қосымшасы арқылы кәсіпкерлер алдағы тексерулер туралы хабарламаларды алуға, онлайн режимде шағым беруге мүмкіндігі бар. Осындай мәліметтер болмаған жағдайда, кәсіпкердің тексерушілерге тексеру жүргізуге жол бермеу құқығы бар.