AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда мұнай және көмір химиясы саласында ірі...

Қазақстанда мұнай және көмір химиясы саласында ірі жобалар жүзеге асады

Әлеумет 28.01.2025, 13:11 875 Bakyt
Қазақстанда мұнай және көмір химиясы саласында ірі жобалар жүзеге асады
Сурет: 7kun.kz

2025 жылы Қазақстанда ел экономикасы үшін маңызды ірі инвестициялық жобалар іске қосылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Алдағы уақытта құны $7,4 млрд болатын полиэтилен зауытының құрылысы басталады. Зауыт мұнай химиясы саласының дамуына ықпал етіп, елдің экспорттық әлеуетін арттырмақ. Сонымен қатар, Қазақстанның Даму банкінің қолдауымен Павлодар облысында алкилат шығаратын жаңа кәсіпорын салынады. Бұл жоба жанар-жағармай өндірісінің экологиялық стандарттарын жақсартады деп күтілуде.

Көмір химиясы саласында да ауқымды жобалар қолға алынуда. «Qarmet» акционерлік қоғамы жылына 200 мың тонна тас көмір шайырын қайта өңдейтін жобаны жүзеге асыруға кірісті. Жалпы құны $262 млн болатын бұл жоба көмір химиясы өнімдерінің 15 түрін шығаруды көздейді.

Сонымен қатар, Қытайдың China Energy компаниясы Қазақстанға $4 млрд көлемінде инвестиция салуға ниет білдіріп отыр. Қаражат көмірді терең өңдейтін зауыт салуға жұмсалмақ. Бұл жоба экологиялық талаптарды сақтай отырып, көмір химиясын терең өңдеу арқылы жоғары сапалы өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.

Мұнай және көмір химиясы саласындағы осы жобалар Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттырып, өндірістің әртараптануына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етпек.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #химия #инвестиция #жобалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);