ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Қазақстанда Мемлекеттік хатшының өкілеттігі өзгерд...

Қазақстанда Мемлекеттік хатшының өкілеттігі өзгерді

Саясат 31.01.2022, 08:17 1,632
Қазақстанда Мемлекеттік хатшының өкілеттігі өзгерді
Сурет: Telemetr.io
Мемлекет Президенті Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет Президенті Жарлыққа қол қойды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 25 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv cілтеме жасап. 


Бұрынғы қызметтерінен бөлек енді Мемлекеттік хатшыға мынадай міндеттер жүктеледі:


- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саяси партиялармен қарым-қатынаста Президенттің мүддесін көздейді;


- саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;


- Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;


- «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау бойынша жұмысты үйлестіреді.


Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы мына қызметтерді атқарады:


1) Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласындағы стратегиялық ұсыныстарды әзірлейді;


2) Мемлекет басшысының атынан Мемлекет басшысының мүддесін қорғайды:


- Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста; 


- халықаралық қатынастарда;


3) мына қызметтерді үйлестіреді:


- әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері бойынша жұмыстарды: білім, ғылым, мәдениет және спорт;


- Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын;


- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың, мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссиялардың, азаматтық комиссиялардың жұмысын;


- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік Бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның жұмысын;


- Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия жұмысын;


- Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия жұмысын;


- әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия жұмысын;


- Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия жұмысын;


- Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия жұмысын;


- Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысын;


- Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмысын.


4) қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;


5) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Еске салайық, 2022 жылғы 5 қаңтарда Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.