Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиа...

Қазақстанда мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды

Әлеумет 28.06.2024, 16:03 660
Қазақстанда мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен оқушылардың XII жазғы гимназиадасының ашылу салтанаты өтті.

Бұл туралы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Гимназиада қатысушыларына сәттілік тілеген Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев балалар-жасөспірімдер спортын дамытудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен біздің оқушыларымыз жыл сайын халықаралық додаларда жеңіс тұғырынан көрінуде. Мәселен, бір ғана 2023-2024 оқу жылында қазақстандықтар түрлі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда 600-ден астам медальді қанжылаған.

«Жас спортшылар үшін бұл сайыс өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибелер жинақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа достар табуға үлкен мүмкіндік береді. Гимназиада бізге еліміздің талантты спортшылары мен болашақ чемпиондардың есімдерін таныстыратынына шүбәсіз сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік және жеңістің биік белестерін бағындыруын тілеймін», - деді Қаныбек Жұмашев.

Атап өту керек, спорттық сайыстар 2 маусым-28 тамыз аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында өтеді.

Мұнда екі мыңнан астам оқушы сайыстың 52 түрі және спорттың 23 түрі бойынша өзара бәсекеге түседі. Бұл үстел теннисі, футбол, регби, бадминтон, спорттық бағдарлау, корабль құрастыру, ұлттық спорт түрлері және т.б.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гимназиада #Оқу-ағарту министрлігі #ашылу салтанаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.