AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда МӘМС-пен қамту 90 пайыздан асты: 1 млн...

Қазақстанда МӘМС-пен қамту 90 пайыздан асты: 1 млн-ға жуық адам жүйеге қосылды

Медицина 31.01.2026, 15:14 431 Дина
Қазақстанда МӘМС-пен қамту 90 пайыздан асты: 1 млн-ға жуық адам жүйеге қосылды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан тарихында алғаш рет халықтың 90 пайыздан астамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен қамтылды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш миллиондаған азаматтың кепілдендірілген әрі сапалы медициналық көмек пакетіне қол жеткізгенін білдіреді. Нәтиже Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүргізілген жүйелі өзгерістер аясында іске асқан.

Айта кетейік, 2025 жылдың шілде айында МӘМС жүйесіне бірқатар жаңалық енгізген арнайы заң қабылданған. Заңның негізгі мақсаты – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың сақтандырудан тыс қалмауын қамтамасыз ету.

Жаңа нормаға сәйкес, 2026 жылдың қаңтарынан бастап жергілікті бюджет есебінен МӘМС жүйесіне қосымша 1 миллионға жуық адам қосылды. Олар әлеуметтік әл-ауқаты «дағдарысты» (D санаты) және «шұғыл» (E санаты) деңгейдегі азаматтар.

Министрлік мәліметінше, төмен табысы бар халықтың тағы 5 пайызы жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізсе, тәжірибеде алғаш рет әкімдіктер жұмыссыз және әлеуметтік жағдайы қиын азаматтар үшін сақтандыру жарналарын өздері төлеу тетігі іске қосылған.

Ведомство бұл қадам медициналық қызметтің қолжетімділігін кеңейтіп қана қоймай, әлеуметтік теңсіздікті азайтуға бағытталған маңызды реформа екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #МӘМС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);