Синоптиктердің болжамынша, 24–26 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, республика аумағына солтүстік-батыстан суық антициклон ықпал етеді.
Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, арктикалық суық ауа массаларының келуімен температура күрт төмендейді. Түнгі уақытта батыс өңірлерде ауа температурасы -15…-25 градусқа дейін түссе, солтүстік пен орталықта -28…-37 градусқа дейін суытады. Шығыс аймақтарда -32…-40 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстікте түнде 0…-10 градус аралығында болады.
Сонымен қатар оңтүстік облыстарда жауын-шашын, кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Жел күшейіп, көктайғақ пен тұман күтіледі.