ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Қазақстанда климаттық өзгерістер бойынша өңірлік х...

Қазақстанда климаттық өзгерістер бойынша өңірлік хаб құрылады

Билік 16.06.2021, 11:49 1,514
Қазақстанда климаттық өзгерістер бойынша өңірлік хаб құрылады
Сурет: Gov.kz
Қазақстанда климаттық өзгерістер бойынша өңірлік хаб құрылады

Қазақстанда климаттық өзгерістер бойынша өңірлік хаб құрылады


Ағымдағы жылғы 15 маусымда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазақстан мен АҚШ сауда-экономикалық қатынастарына 30 жыл» атты Қазақстан-Америка инвестициялық форумының отырысына қатысты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Экология, геология табиғи ресурстар министрлігінің хабарына сілтеме жасап.


Мағзұм Мырзағалиев «Энергетика және тау-кен өнеркәсібі (жасыл технологиялар және сирек кездесетін металдар)» Панельдік сессиясының жұмысына қатысты. Министр өз сөзінде  «жасыл» технологиялар нарығын дамыту үшін Қазақстан Экологиялық кодекс, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заң және «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы сияқты бірқатар нормативтік құжаттарды қабылдағанын айтты.


Сонымен қатар АҚШ Президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керримен онлайн кездесу барысында Қазақстан тарапы елде климат мәселелері бойынша Орталық Азияның өңірлік хабын құру туралы бастама көтерді. Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда жаңа кен орындарын (литий оксиді, құрамында осмий тотығы бар мыс құмтас, сондай-ақ құрамында тантал бар кендер, оның ішінде ілеспе ниобий бар) ашу перспективалары бар екенін атап өтіп, осы жобаларды іске асыру үшін АҚШ-пен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін құптады.


Сондай-ақ Мағзұм Мырзағалиев Tesla, Lucid Motors, Nikola сияқты америкалық электромобильдік компаниялардың жетекші рөлін, GM, Ford сияқты ірі автоөндірушілердің электр қозғалтқыштарына көшу жөніндегі ұзақ мерзімді стратегияларын ескере отырып, қазақстан тарапы литий-ионды аккумуляторлар өндіруге арналған зауыттар салу бойынша америкалық тараппен ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.