AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс кө...

Қазақстанда кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді 

Білім және ғылым 30.12.2024, 13:09 895
Қазақстанда кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді 
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның ішінде 11 ұлттық ЖОО бар, мемлекеттік ЖОО – 29, азаматтық емес ЖОО – 14, ДББҰ (дербес білім беру ұйымы) – 1, халықаралық – 1, акционерленген – 16 және жекеменшік – 48, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Білім алушылар құрамы 642,5 мыңнан астам адамды құрайды, мемлекеттік тапсырыс бойынша 255,6 мыңнан астам студент оқып жатыр. Түлектер саны 182,6 мың адам, оның ішінде бакалавриатта – 157 мың, магистратурада – 21 мың, докторантурада – 1,8 мыңнан астам және резидентурада – 2,1 мыңнан астам адам оқиды.

Жалпы профессор-оқытушылар құрамы 37,4 мың адамды құрайды, оның 46,5%-ның ғылыми дәрежесі бар (2023 жылы – 44,5%). Ғылым кандидаттарының саны – 10,5 мың адам (2023 жылы – 10,4 мың), ғылым докторлары – 2,7 мыңнан астам адам (2023 жылы – 2,6 мыңнан астам), PhD докторлары – 4,1 мыңнан астам адам (2023 жылы – 3,7 мыңнан астам).

Кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл санап артып келеді. 2024-2025 оқу жылына 94,2 мыңнан астам грант бөлінді (2023 жылы – 88,2 астам), оның ішінде 78,2 мыңнан астамы бакалавриатқа, 13,1 мыңы магистратураға және 2,9 мыңы докторантураға берілді.

Жаңадан құрылған және халық тығыз қоныстанған облыстардың, батыс өңірлердің жастарына (Абай, Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстары және Шымкент қаласы) жыл сайын 5 мың нысаналы білім беру гранты бөлінеді.

Байқау қорытындысы бойынша 412 жетім бала, 382 мүгедектігі бар жан, көпбалалы отбасындағы 3,5 мың астам бала, толық емес отбасындағы 933 бала, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы 437 бала оқу грантын иеленді. 

Биыл қабылдау рәсімін өзгерту нәтижесінде 1,6 мыңнан астам этникалық қазақтар білім гранттарын алды (2023 жылы – 804).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #білім #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);