ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда жетекші француз университетінің филиал...

Қазақстанда жетекші француз университетінің филиалы ашылады

Білім және ғылым 01.07.2025, 16:53 854
Қазақстанда жетекші француз университетінің филиалы ашылады
gov.kz
Мемлекет басшысының Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Францияның жетекші инженерлік...

Мемлекет басшысының Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Францияның жетекші инженерлік мектебі – Grenoble INP – Phelma, UGA университетімен 2026 жылы Satbayev University базасында француз техникалық университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Келісімге қол қою рәсімі ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің және Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогенің қатысуымен өтті. Құжатқа екі университеттің вице-президенттері – Гюльген Алпан (Grenoble INP – Phelma, UGA) және Самғат Ермекбаев (Satbayev University) қол қойды.

Grenoble INP – Phelma, UGA – Еуропадағы ядролық технологиялар саласындағы ең ірі ғылыми-зерттеу және өндірістік кластерлердің бірі. Университет ядролық физика, электроника және материалтану салаларында алдыңғы қатарлы білім береді. Оның инженерлік бағдарламалары THE және QS халықаралық рейтинг агенттіктері тарапынан жоғары бағаланған.

Satbayev University базасындағы Grenoble INP – Phelma, UGA филиалында ядролық инженерия және жаңартылатын энергия саласына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында 3+1 форматындағы қос дипломды білім беру бағдарламалары іске қосылады. Бағдарламалар Nuclear Engineering, Renewable Engineering және Advanced Studies сияқты сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды.

Аталған бағдарламалар Қазақстанда алғашқы атом электр станцияларын салу кезеңінде аса өзекті болып отыр. Бағдарламаға қатысатын студенттер Франциядағы АЭС-терде тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады. Бұл елдегі 56 ядролық реактор ұлттық энергетикалық баланстың 70%-дан астамын қамтамасыз етеді. Осылайша, түлектер отандық энергетика нысандарында жұмыс істеуге дайын, жоғары білікті әрі тәжірибеге бейімделген мамандар болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.