Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жеке куәлік пен төлқұжатты енді термин...

Қазақстанда жеке куәлік пен төлқұжатты енді терминал арқылы алуға болады

Әлеумет 03.03.2023, 13:00 1,041
Қазақстанда жеке куәлік пен төлқұжатты енді терминал арқылы алуға болады
Сурет: Polisia.kz

QR-коды арқылы төлемді сол жерде жасауға болады


Астананың ХҚО-да құжат алатын терминалы іске қосылды. Автоматтандырылған өз-өзіне қызмет көрсету терминалы биометриялық жүйемен, фотосуретке түсіру функциясымен және арнайы интерфейспен жабдықталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Оның көмегімен адам жеке куәлік немесе төлқұжат алуға өз бетінше өтініш бере алады.


Құжаттандыру терминалы елордалық ХҚКО-да пилоттық режимде іске қосылды. Жобаны ІІМ мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірледі. Жаңа ХҚКО-да 4 осындай құрылғы жұмыс істейтін болады. Жаңа аппаратпен бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин танысты.


Бұл технология мемлекет ұсынатын қызметтердің сапасы мен жылдамдығын арттырады, құжаттарды ресімдеу мерзімін едәуір қысқартады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Себебі барлық процесс ашық түрде жүргізіледі.


Құрылғының көмегімен тек өтініш беріп қана қоймай, дерекқордағы фотосурет бойынша жеке басты сәйкестендіріп, QR-коды арқылы төлемді сол жерде жасауға болады.


Бірнеше қадам жасау жеткілікті:


- ЖСН және ұялы телефон нөмірін енгізу;
- суретке түсіру және қол қою;
- экрандағы QR-кодты пайдаланып, мемлекеттік бажды төлеу;
- SMS арқылы қалыптастырылған қолхат алу;


- көші-қон қызметінің қызметкеріне өтінім нөмірін дайындау үшін көрсету.



Бұл ретте ұялы телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасына тіркеу қажет, бірақ мұны өтінімді ресімдеу кезінде де жасауға болады.


Айта кету керек, бүгін ІІМ терминал арқылы ресімделген жеке куәлік дайындады. Қанат Дәрібаев жаңа аппаратты пайдаланған алғашқы адам болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#терминал #Жеке куәлік #құжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.