ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жарты жылда 111 есірткі тасымалы арнас...

Қазақстанда жарты жылда 111 есірткі тасымалы арнасы жойылды

Әлеумет 31.07.2025, 10:37 520
Қазақстанда жарты жылда 111 есірткі тасымалы арнасы жойылды
Сурет: Polisia.kz
Қазақстанда есірткімен күрес бағытында 2025 жылдың басынан бері 111 жеткізу арнасы жойылып, 21 нарколаборатория әшкереленді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері есірткі тасымалының 111 жеткізу арнасы жойылып, 21 наркозертхана әшкереленді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

2025 жылдың басынан бері елімізде есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күшейе түсті. Баспрокуратураның хабарлауынша, осы уақыт аралығында құқық қорғау және арнайы органдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде 111 есірткі тасымалы арнасы жойылып, 21 наркозертхананың қызметі тоқтатылған. Сонымен қатар, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 125 фактісі анықталды.

Баспрокуратураның дерегінше, бұл бағытта арнайы прокурорлар айтарлықтай жұмыс атқарған. Олар Маңғыстау, Ұлытау облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында интернет арқылы есірткі таратқан наркодүкендердің ұйымдастырушыларын әшкерелеп, істерді сапалы тергеген.

9 тонна есірткі мен 12 тонна прекурсор тәркіленді

Жыл басынан бері тәркіленген есірткі көлемі – 9 тонна, оның ішінде 254 килограмы синтетикалық заттар. Сондай-ақ, 12 тонна прекурсор (есірткі жасауға қолданылатын химиялық заттар) тәркіленді. Есірткі контрабандасы деректері былтырғы кезеңмен салыстырғанда 56 пайызға азайып, 182 жағдайдан 80-ге дейін түскен.

Интернет-дүкендерге қарсы жаңа тәсілдер: есепшоттар бұғатталып жатыр

Есірткі сатумен күресте қаржылық тізбектерді анықтауға да басымдық беріліп жатыр. Бас прокуратураның бастамасымен интернет-дүкендермен байланысты банк шоттарын анықтау, бұғаттау және арестке қою алгоритмі енгізілген. Нәтижесінде 98 мыңнан астам банк шоты бұғатталып, олардың ішіндегі қаражат көлемі 2,3 миллиард теңгеден асқан.

Қылмыстық істер шеңберінде қаржылық тергеулер жалғасып жатыр. Мақсат – есірткі сатудан түскен табыстың қайдан шыққанын, түпкі иелерін және өз шоттарын "дропперлік" операцияларға пайдалануға берген азаматтарды анықтау.

Сонымен қатар, "Кибернадзор" жүйесі арқылы интернеттегі заңсыз есірткі сататын 6 мыңнан астам сайттың қызметі тоқтатылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.