конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жан...

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Мәдениет 17.07.2026, 17:43 327
Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр
фильм авторларынан

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандардың өмірін арқау еткен тұңғыш толықметражды көркем фильм түсіріліп жатыр. «Тұяқ» деп аталатын туынды отбасы, кешірім, өзара түсіністік пен адамға берілетін екінші мүмкіндік туралы баяндайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асуда. Туындының продюсері – Батыр Сазаханов, қоюшы режиссері – Нұрғиса Әлмұрат.

Оқиға шағын ауылда анасы Мәрияммен бірге тұратын Сабыр мен Аман есімді ағайынды жігіттердің тағдырына құрылған. Үлкені Сабыр тумысынан есту қабілетінен айырылған. Соған қарамастан ол өз ісіне ұқыпты, талантты мал дәрігері. Ал інісі Аман ағасына үнемі қолғабыс етіп, еститіндер мен есту қабілеті шектеулі жандар әлемін жалғайтын сенімді дәнекерге айналған.

Ағайындылардың туған жерге деген сүйіспеншілік пен болашаққа құрған арманға толы мамыражай өмірі жиырма жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен әкесінің қайта оралуымен күрт өзгереді. Оның келуі ұмыт болған естеліктерді жаңғыртып, іште жиналған өкпе мен жауапсыз қалған сұрақтарды қайта қозғайды. Отбасының әрбір мүшесі өткеннің ащы шындығымен бетпе-бет келуге мәжбүр болады.

Режиссер Нұрғиса Әлмұраттың айтуынша, фильмнің басты мақсаты – ерекше жандарға аяушылықпен қарау емес, олардың ішкі әлемін, өмірді қабылдау ерекшелігін және қоғаммен қарым-қатынасын шынайы көрсету.

«Бұл – Қазақстандағы алғашқы осындай фильм. Біз олардың ішкі әлемін ашуға тырыстық. Олар дүниені қалай қабылдайды, қоғаммен қалай байланыс орнатады – осының бәрін көрсету маңызды болды. Фильмде отбасы құндылығы, әке мен бала арасындағы байланыс, жауапкершілік пен кешірім тақырыптары кеңінен көрініс табады», – дейді режиссер.

Картинада кәсіби актерлермен қатар есту және сөйлеу қабілеті шектеулі азаматтар да рөл сомдайды. Түсірілім тобы арнайы орталықтарда кастинг өткізіп, кейіпкерлерді сол жерден таңдаған. Авторлар мұндай шешім экрандағы табиғилық пен шынайылықты сақтау үшін қабылданғанын айтады.

Түсірілім барысында су мен жарық секілді көркем метафораларға да ерекше мән берілген. Бұл тәсіл арқылы көрерменге кейіпкерлердің ішкі күйі мен сезім әлемін тереңірек жеткізу көзделген.

«Тұяқ» – есту қабілеті шектеулі жандардың тағдыры арқылы отбасы, жады, айырылу, сенім және кешірім секілді маңызды тақырыптарды қозғайтын адамгершілік драма. Фильм кейде ең қастерлі сөздердің ешқандай дыбыссыз-ақ, үнсіздікте айтылатынын ұқтырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);