AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ЭЦҚ-ны қайта шығаруға қосымша қауіпсіз...

Қазақстанда ЭЦҚ-ны қайта шығаруға қосымша қауіпсіздік тексеруі енгізілді

Әлеумет 26.12.2025, 09:52 1,074
Қазақстанда ЭЦҚ-ны қайта шығаруға қосымша қауіпсіздік тексеруі енгізілді
pexels.com

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін қайта шығару тәртібі күшейтілді. Енді бұл процесс кезінде азаматтың жеке басын міндетті түрде қосымша растау талап етіледі, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, жаңа талап азаматтардың жеке деректерін қорғау және алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында енгізілген. Қосымша қорғаныс тетігі рұқсатсыз қол жеткізу қаупін төмендетуге бағытталған.

Енді pki.gov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы ЭЦҚ кілттерін қайта шығару кезінде жүйе пайдаланушыдан жеке басын екі тәсілдің бірімен растауды сұрайды. Атап айтқанда, бір реттік SMS-код Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберіледі немесе eGov Mobile қосымшасында көрсетілетін цифрлық код енгізілуі қажет. Бұл тетік ЭЦҚ кілттерін иесінің смартфонына қол жеткізусіз заңсыз пайдаланудан қорғауға мүмкіндік береді.

Жаңа талаптар әзірге шетелдік азаматтарға қолданылмайды. Себебі олардың телефон нөмірлері көп жағдайда Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген.

Айта кетейік, бұған дейін алаяқтар алдау жолымен пайдаланушылардың жеке кабинеттеріне кіріп, ЭЦҚ кілттерін өз тасымалдағыштарына қайта шығару фактілері тіркелген болатын. Бұдан бөлек, үшінші тұлғаның ЭЦҚ-сын пайдаланған қазақстандықтарға айыппұл салынатыны туралы да хабарланған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЭЦҚ #заң #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);