ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстанда ертең магистратураға түсуге арналған к...

Қазақстанда ертең магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркеу басталады

Мұны білген жөн 17.06.2021, 09:36 2,696
Қазақстанда ертең магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркеу  басталады
Сурет: 24.kz
Биыл тестілеу талаптарында өзгеріс жоқ

Биыл тестілеу талаптарында өзгеріс жоқ 


Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін тіркеу 18 маусым күні басталады. Тіркеу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚР БҒМ министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарға сілтеме жасап.



«Тіркеу кезінде тестілеу өткізілетін орынды оқуға түсуші өзі таңдайды. Сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында байқау сынағынан өтуге болады. Емтихандар 20 шілдеден басталып, 10 тамызға дейін жалғасады», – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.



Магистратураға түсу форматына келетін болсақ, биыл ешқандай өзгеріс жоқ. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда тестіленуші КТ аяқталғаннан кейін 30 минуттың ішінде апелляцияға өтініш бере алады.



«Магистратураға түсуге арналған тестілеу 3 бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Шет тілін меңгерудің жалпы халықаралық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар магистратураға түсушілер шет тілі бойынша кешенді тестілеуден босатылады», – деп атап өтті  Әділет Тойбаев.



Айта кеткен жөн, биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға түсу үшін шекті балл өзгеріссіз қалды және 75 балды құрайды, оқуға ақылы негізде түсу үшін 50 балл жинау қажет. Емтихан төрт сағатқа дейін жалғасады.


Естеріңізге сала кетейік, бакалавриат бойынша гранттардың жалпы саны - 56 561, магистратураға 13 263, докторантураға 1890 грант бөлінген. Кадрлар даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттар бойынша бөлінеді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.