ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстанда ел алдында жүрген танымал блогерге ізд...

Қазақстанда ел алдында жүрген танымал блогерге іздеу салынды

Мәдениет 17.11.2025, 09:28 365
Қазақстанда ел алдында жүрген танымал блогерге іздеу салынды
instagram.com/mellstroy
Қазақстанда танымал блогер Mellstroy-ға қатысты іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Қаржы мониторингі агенттігі қозғаған іздеу ісі бойынша Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу...

Қазақстанда танымал блогер Mellstroy-ға қатысты іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Қаржы мониторингі агенттігі қозғаған іздеу ісі бойынша Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жария болды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Сот блогерге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Агенттік Mellstroy-дың Қазақстан аумағындағы интернет пайдаланушыларын да нысанаға алған заңсыз онлайн-казино — “Mellstroy.game” платформасын жарнамалағаны үшін күдікке ілінгенін атап өтті.

Блогер әлеуметтік желілерде кең ауқымды жарнамалық кампания ұйымдастырып, түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер жариялаған. Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да платформаларда казино атауын, логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіру ұсынылған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Mellstroy бұған дейін Ресейде тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ал 2025 жылдың қарашасында Минск қалалық соты оның барлық каналдары мен логотиптерін экстремистік материал деп таныған.

Mellstroy деген кім?

Mellstroy атымен танылған Андрей Бурим – Беларусьтен шыққан стример, блогер және инфлюенсер. Ол орыс тілді желі қолданушылары арасында «trash-стриминг» жанры арқылы кеңінен танылды. Бұл бағыттағы контент әдетте арандатушылыққа, шок туғызатын әрекеттерге және орынсыз қылықтарға негізделеді.

Андрей Бурим стримерлік мансабын 2017 жылы Twitch пен YouTube платформаларында ойын трансляцияларынан бастаған. Кейіннен ол алкоголь, түнгі сауық кештері, донат-челлендждер мен түрлі ұтыс ойындарына құрылған «лайв-шоуларға» ауысты. Оның аудиториясы негізінен ТМД елдерінің жастары, ал Instagram, Twitch және YouTube-та миллиондаған жазылушысы бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.