AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына да...

Қазақстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталды

Әлеумет 05.05.2023, 11:27 1,129 Almaty-akshamy.kz. 
Қазақстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталды
Сурет: primeminister.kz

2024 жылғы 8-15 қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық мәселесі Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



Мемлекет басшысы еліміз үшін маңызы зор іс-шараны өте жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Айта кету керек, Қазақстанның Ойындарды өткізуге өтінімін түркі қауымдастығы бірауыздан қолдаған болатын.


Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен, тіпті дәстүрлі түрде көшпелі саналмайтын елдерден командалар қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс қазақ күресі, көкпар, құсбегілік, асық ату, аударыспақ, тоғызқұмалақ сияқты қазақтың ұлттық спорт түрлерінен, сондай-ақ шет елдерде дамыған, бірақ тамыры біртұтас көптеген басқа спорт түрінен өтеді.


Спорт жарыстарының басты ұйымдастырушысы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы үлкен қолдау көрсетеді.



«V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жақсы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтуі үшін дайындықты бүгіннен бастау керек. Елімізде ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінеді, мемлекет ұлттық спортқа үнемі қолдау көрсетіп отырады. Осыған байланысты Көшпенділер ойындары қазақстандықтардың зор қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Спорттық шеберлікті ғана емес, сонымен қатар қазаққа тән ашықтық пен қонақжайлылықты көрсету, ата-бабаларымыздың бай мәдени мұрасымен бөлісу мүмкіндігі де зор маңызға ие», - деді Алтай Көлгінов. 



Кеңес соңында вице-премьер мүдделі министрліктерге алдағы айларда Ойындарды өткізу дирекциясының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын айқындауды, іс-шаралар жоспарын және республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітуге ұсынуды тапсырды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Кеше 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Кеше 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Кеше 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Кеше 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);