AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда COVID-19 жаңа штамы табылды

Қазақстанда COVID-19 жаңа штамы табылды

Медицина 01.12.2022, 04:40 1,490
Қазақстанда COVID-19 жаңа штамы табылды
Сурет: Ria56.ru

Қазан айымен салыстырғанда, сырқаттанушылық 1,6 есе өсті.


Серік Жұманғарин ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz cілтеме жасап.


30 қарашада Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.


Республикада қарашада қазан айымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,6 есе өсті (аптасына 453-тен 725 жағдайға дейін). Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова атап өткендей, COVID-19-ға тестілеу саны азайды, себебі ауру жеңілдей бастады, көбі медициналық көмекке жүгінбейді.


Барлық өңірлерде инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші бірден артық, бұл - вирустың халық арасында белсенді айналымы мен таралуының белгісі.


Өңірлер бөлінісінде соңғы айда еліміздің 3 өңірінде – Алматы, Астана және Қарағанды облысында аурушаңдықтың апта сайын 2,2 есеге дейін өсуі байқалады.


Сондай-ақ 5 өңірде (Ақмола, Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Шымкент) соңғы аптадан бастап сырқаттану аптасына 3,5 есеге дейін біртіндеп өсіп келеді.


Соңғы секвенирлеу қорытындысы бойынша республикада Омикрон BQ.1.1 (Цербер) штамы нұсқасының 0,5% айналымы анықталды, 99,5% – Омикрон штамының басқа нұсқалары.


Халықты коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында өңірлерге 12 жастан асқандарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін Pfizer вакцинасының 200 мың дозасы жеткізілді.


Отырыс қорытындысы бойынша, облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне эпидемиологиялық жағдайды, әсіресе, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша шараларды бақылауда ұстау тапсырылды.


Ұжымдық иммунитетті сақтау үшін соңғы вакцинациядан кейін 6 ай аралықпен коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация алу қажет, ол үшін республикада коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар мөлшері жеткілікті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#COVID-19 #Қазақстан #кви
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);