Мемлекеттік институттар арасындағы өзара іс-қимыл жүйесі де өзгереді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жаңа Конституция Қазақстандағы заң шығарушы биліктің құрылымын өзгертті. Сенат пен Мәжілістің орнына бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды.
Құрылтай заңдар қабылдап, өз өкілеттігі шеңберінде маңызды шешімдерді бекітеді және мемлекеттік билік жүйесін қалыптастыруға қатысады.
Мемлекеттік институттар арасындағы өзара іс-қимыл жүйесі де өзгереді. Енді Құрылтай Премьер-Министрді, вице-президентті, Конституциялық сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауға келісім береді.